Сейсенбі, 24 желтоқсан, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 28 қаңтар күні сізді не күтіп тұр

28.01.2023

546 0

Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?Демалыс күндері туғандарыңызбен қалай уақыт өткізетініңізді ойластырыңыз. Оларға көңіл бөліп, уақыт арнаған артық етпейді.
Блогерлер жарнамалаған жаңа тері күтімі косметикасын сатып алмас бұрын, интернетте ол туралы пікірлерді оқыңыз. Бұл косметиканың ешқандай әсерінің болмауы мүмкін және сіз сатып алғаныңызға өкініп қалуыңыз ықтимал.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?Бүгін ұжымыңызда жанжал болуы мүмкін, оларға қатыспауға және жанжалдан өзіңізді аулақ ұстауға тырысыңыз.
Кез келген жағдайға дайын жүру үшін түйіндемеңізді жаңартып қойыңыз: жақын арада мамандығыңыз бойынша қызықты бос орын табасыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?Қанша қарапайым естілсе де, қаланы аралап жүріп табиғаттың сұлулығын бағалауға тырысыңыз. Қарапайым, әдемі, кішкентай нәрселерге назар аударыңыз, олар сізге ауыр ойлардан арылуға көмектеседі.

Сіз бүгін күйгелектік танытасыз, сондықтан демалуыңыз керек. Өзіңізді қызықтыратын іспен айналысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?Өз пікіріңізді әдепті түрде білдіруді әдетке айналдырыңыз. Бүгін бұл әсіресе пайдалы.
Жұмыста шай/кофе ішуге шағын үзіліс жасауды ұмытпаңыз: бұл бір уақыт назарыңызды басқа нәрсеге бөліп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?Жақын арада достарыңыздың бірімен кездесе алмасаңыз, көңіліңізді түсірмеңіз, кездесу жиі болмаса да, сапалы болғаны маңызды.
Гирлянда мен шамдар сатып алып, жатын бөлмеңізге немесе қонақ үйге іліп қойыңыз. Бұл сізге және отбасыңызға кешкісін мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?Сүйіктіңізге қатысты жақсы жаңалық болуы мүмкін. Бүгін сіз тағы бір мәрте дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізесіз.
Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, алаңдамаңыз: бұл уақытша құбылыс. Дәрумендер ішіңіз, ал кешке шай ішіңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?Әріптестеріңіздің сырт келбетін сынамаңыз, тіпті қатты сынағыңыз келсе де. Бұл өзіңізге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Таңертеңгілік уақытты бет күтіміне және косметологтарға арнаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?Өзіңіз үшін тамақтану күнделігін бастаңыз: осылайша жеке ас қорыту жүйеңізге теріс әсер ететін тағамдарды, жеке төзімсіздігіңіз бар тағамдарды бақылау оңайырақ болады.
Басқалармен қарым-қатынасыңызға үзіліс жасаңыз: сіздің ресурсыңыз шексіз емес, бүгін оны өзіңізге және өз қалауыңызға арнайтын тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?Белсенді болыңыз, ой бөлісіңіз. Ақшаға қатысты жұмыс мәселелерін талқылаңыз. Ескі және жаңа достардан көмек сұраңыз. Одақтастармен бірге сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз.
Отбасыңызға идеяларыңыз бен жоспарларыңызды бөлісіңіз. Олар тек қолдау көрсетіп қана қоймай, сенім білдіргеніңізге риза болады.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?
Күн келіспеушіліктер мен жанжалдарға толы, күрделі түсініспеушіліктер болады. Келешегі зор іс болса да, одақтастар табу қиынға соғады. Бұрын көмектесемін деп уәде берген адамдар теріс айналып кетеді.
Өзіңізді шамадан тыс жұмысқа жекпеңіз: өміріңіздің құнды уақытын жоғалтуыңыз мүмкін, ол ешқандай ақшамен өтелмейді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?
Маңызды нәрселер кестесін жасау үшін отбасы мүшелерімен сөйлесіңіз, бұл бірге уақыт өткізуге сеп болады.
Туыстармен қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстаныңыз мәжбүрлемеңіз, сынамаңыз, көбірек тыңдаңыз және шынайы жанашырлық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Шаршасаңыз, демалыңыз. Жұмысыңызды тоқтатып, кідіріс жасаңыз. Бұл денсаулықты бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді. Арқадағы ауырсынудың себебін білу үшін хирургқа барыңыз. Сізге массаж, су процедуралары секілді бірқатар ем түрі қажет болуы да мүмкін. Демалып, сергіп алыңыз.

НҰР.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: