Қазақстан IT-қызметтердің халықаралық нарығын сенімді түрде жаулауда. Отандық әзірлемелер қазірдің өзінде 86 шет мемлекетке экспортталады.Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур. 2024 жылы табыс $300 млн-нан асты. Сонымен қатар біздің еліміз венчурлық мәмілелердің көлемі бойынша көшбасшы саналады. Мысалы, өткен жылы олардың сомасы $80 млн-ды құрады. Маңызды инвестициялар CITIX, Hero’s Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялардан тартылды. Бүгінгі таңда олардың кейбірінің құны $100 млн-ға жетті. Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамытуда IT-хаб маңызды рөл атқарады. Арнаулы алаңдарда түрлі акселерациялық бағдарламалар өткізіледі, жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылады. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!