Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» РМК өкілдері 27-29 арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.
Жер бетінде температураның жоғарылау үрдісі жылдамдауда, бұл таяу онжылдықтарда аптап ыстықтың үдей түсуіне әкеліп соқтырады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтаған Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары аптап ыстық үдей түсетінін болжап отыр. Газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая бермек дейді олар.
Зерттеушілер сондай-ақ Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын алға тартып отыр. Бұл тұжырымдар парниктік газдар шығарындыларын азайту керектігін көрсетеді.
Одан бөлек, ғалымдар парниктік газдар Жердің климатын тез өзгертіп отырғандықтан, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар жеткіліксіз деген тұжырымға келіп отыр.
«Алдағы онжылдықтарда қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек», – дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.
Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» РМК өкілдері 27-29 арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.
Синоптиктердің болжамынша, осы аптада ел аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Метрологтардың мәліметінше, аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Салдарынан ауа темпертурасы төмендеп, ыстықтың беті қайтады деп күтілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!