Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы әйелі Дариғаға жұрт алдында алғыс білдірді.
“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет!
Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым – осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа көлік иесін құттықтап жатыр.
“Қандай керемет көрініс?!”, “Осылар банк тонай ма екен, қалай байып жатыр?!”, “Дари сияқты әйел бәрімізге жұғысты болсын!”, “Қазақстанда жоқ көлік екен”, – деп жазды көпшілік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!