Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Денсаулыққа пайдалы тағамдар

30.05.2021

2815 0

Әрдайым сымбатты көрініп, денсаулығым мықты болсын десек, ас мәзіріне пайдалы 12 тағамды енгізген дұрыс.

  1. Сүт
    Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.
    Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.
  2. Айран
    Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Диетолог-мамандардың айтуынша, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
  3. Тауық еті
    Тауық етінің құрамында В тобындағы дәрумендер, ақуыз бен аминқышқылдары бар. Ас қорыту жүйесін, ағзадағы қан айналымын, жүрек пен бұлшық ет жұмысын жақсартады. Қуырылған тауық етінен қарағанда қайнатылған тауық еті пайдалырақ.
  4. Балық
    Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар. Оның құрамындағы антиоксиданттар қимыл-қозғалыс координациясын жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
  5. Көкөністер
    Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні қалыпқа келтіретін бета-каротин бар. Бета-каротин кәрілікті тежеп, асқазан жұмысын жақсартады. Көкөністер анемия, авитаминоз, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы тұра алады.
  6. Киви, ананас және цитрус жемістері
    Бұл жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, жемістер артық салмақтан арылуға жол ашады.
  7. Манго
    Аминқышқылдары мен А, В, С тобындағы дәрумендерге және пайдалы әрі ағзаға қажетті элементтерге толы жеміс. Манго артық салмақ тастауға, стресстен арылуға жол береді. Тұмау, ринит сияқты аурулардың алдын алып, көз көруін жақсартады.
  8. Шие
    Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.
  9. Қара бүлдірген
    Бұл қара жидектің құрамында В дәрумені, глюкоза және аминқышқылдар бар. Ағзадағы зат алмасу мен көз көруін жақсартып, терінің таза әрі балғын болуына жол береді.
  10. Асқабақ
    Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені, ақуыз, бета-каротин сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш, тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, артық салмақтан арылуға ықпал етеді.
  11. Теңіз орамжапырағы
    Мырыш, темір, калий, кальций, селен, мыс сияқты минералдарға бай көкөніс жүрек, асқазан, зат алмасу жүйесін жақсартып, семіздік, қант диабеті, йод жетіспеушілігі сияқты аурулардың алдын алады.
  12. Жаңғақтар
    Жаңғақтардың құрамында адам ағзасына қажетті бар элементтер мен минералдар бар. Ол кез келген аурудың алдын алып, оған қарсы төтеп бере алады. Диетолог-мамандар күнделікті бір уыс жаңғақ жеуге кеңес береді.

Камила Дәріқұлова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: