Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Депозиттің 10 пайызын өтемақы ретінде қашаннан бастап алуға болады?

13.10.2022

899 0

2022 жылғы 12 қыркүйегінен бастап елімізде жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша 10 пайыз мөлшерінде өтемақы төлеу қағидалары жүзеге асады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өтемақы төлеуге мына салымдар жатады: жинақ, мерзімді, мерзімсіз салымдар, сондай-ақ, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі жинақтар.

Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылғы 1 қаңтарынан кешіктірмей өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет. Салымшының келісімі туралы өтініш беру әдісі мен тәртібін банктер дербес белгілейді.

«Өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ депозиттер туралы мәліметтер негізінде екінші деңгейлі банктерге депозиттер бойынша сыйлықақы сомасын аударады. Өтелуге жататын депозиттер туралы ақпаратты банктер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына мониторинг мақсатында ұсынады. 10 пайыз сыйақыны салымшыға оның депозиті орналасқан банк тікелей төлейді. Төлемдер 2023 жылғы 23 ақпанынан кейін қағидада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. 

Сыйақы төлеу шарттары, тәртібі мен мерзіміне қатысты сұрақтар бойынша салымшылар депозит ашылған банктерге хабарласуы қажет. Тиісті ақпарат ЕДБ ресми сайттарында жарияланған», – делінген хабарламада.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: