Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дүйсенбіні жек көрмеңіз

26.09.2022

999 0

Дүйсенбі – аптаның бірінші күні. Дүйсенбі – келесі аптада міндетті түрде бастаймын деген жоспардың орындалмайтын күні. Дүйсенбі – екі күнге созылған демалыстың аяқталатын күні. Дүйсенбіде қайтадан ерте тұрып жұмысқа келу керек болғандықтан, қандай сүйікті ұжыммен жұмыс істесе де, көбі бұл күнді ұната бермейді. Аптаны негатив көңілмен қарсы алмау үшін мынадай тәсілдер қолданып көріңіз.

Жексенбіні аптаның бірінші күні деп есептеңіз
Жексенбі аяқталғанда демалыс та аяқталады деп көңіл күйіңізді бекер түсірмеңіз. Жаңа аптаны дәл осы күннен бастаңыз: базар аралаңыз, достарыңызбен кездесіңіз, ертең жұмысқа бару керек, үйде жатпай жақсылап демалыңыз.

Керемет кеш ұйымдастырыңыз
Ақылға қонымсыз естіле ме? Дүйсенбі күні не ұйымдастыруға болады деп ойласаңыз, қателесесіз. Қызықты шара өткізу үшін міндетті түрде демалысты күтудің қажеті жоқ. Достарыңызды үстел ойынына шақырыңыз, киноға барыңыз, табиғат аясына шығыңыз. Сонда алдын ала жоспарланған бұл күнді де асыға күтесіз.

Атқаратын істер тізімін қысқартыңыз
Көбіне дүйсенбі «ғасырдан да ұзақ күн» боп елестейді. Себебі бұл күні атқаратын ісіміз өте көп секілді, ештеңеге үлгермейтіндей көрінеміз. Алдыңғы аптада аяқталмай қалған шаруалар, осы аптадағы жаңа жоспарлар – барлығын осы күні тындыру керек секілді шапқылап жүреміз. Ертең де күн бар, бүгінгі тізімге тек өзіңіз үлгеретін, ең маңызды істерді қалдырыңыз.

Киетін киіміңізді алдын ала дайындаңыз
Уақытынан ерте тұрып, киіміңізді реттеп, үтіктеп, шыттай болып киініңіз. Сыртқы келбетіңіз ерекше болса, көңіл күйіңіз де көтеріңкі жүреді.

Жігер беретін мәтін оқыңыз
Бірнеше мәтінді алдын ала дайындап, жұмысқа барар жолда оқып алыңыз. Содан соң жұмысқа барған бойда бірден құлшыныспен кірісіп кетесіз.

Ерте жатыңыз
Сағат 22:00-ден қалмай ұйқыға жатуды әдетке айналдырыңыз. Одан бұрын ванна қабылдап, шөп шайын ішіп, гаджеттерді дыбыссыз режимге қойыңыз. Ұйқыға жатар алдында кітап оқысаңыз, тез ұйықтап кетесіз.

Төсек тысын ауыстырыңыз
Жаңадан жуып кептілірген, хош иісі аңқыған төсекте ұйықтаудың өзі бір ләззат сыйламай ма? Төсек тыстарын ауыстыруды дәл жексенбінің түніне белгілесеңіз, бұл да аптаны керемет көңіл күймен бастауға сеп болады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: