Сенбі, 07 маусым, 04:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

06.06.2025

98 0

Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған қала және аудан әкімдері, сала басшылары қатысты.
«Егіс алқаптарын суармалы сумен қамтудыкүнделікті бақылауда ұстау керек. Су ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған шараларды күшейтіңіздер. Бұл ретте су үнемдеу технологияларын қолдану, егін алқаптарын кезектестіріп суару, лазерлік тегістеу әдістерін кеңінен енгізу секілді тиімді тәсілдерге басымдық берілуі тиіс», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, су қоймаларына жиналған, жоғарыдан келетін су көлемінің болжамына сәйкес, биыл 3,9 миллиард текше метр су лимиті белгіленген. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 193,7 мың гектар, оның ішінде күріш көлемі80,9 мың гектар. Маусымның 5-сіндегі жағдай бойынша Сырдария өзенінен 955 миллион текше метр су алынған, соның 790 миллион текше метрі егістікке берілген.
Сырдария өзенінің суын тиімді пайдалану үшін бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 357 насос қондырғысы дайындалып, бүгінде оның 162-і қосылған. Су үнемдеу мақсатында магистральді және шаруашылық каналдарымен су кезектестіріліп беріледі. Күріш егістігін лазерлік тегістеу жұмыстары да жүргізілуде, бүгінде оның көлемі 60 мың гектарға жеткен. Су үнемдеу технологиялары бойынша жұмыстар 9,2 мың гектар аумақта жүзеге асырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: