Сенбі, 30 қараша, 02:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір ғажайып

27.10.2021

1131 0

       Өмірдің мәні жайлы әркім әрқилы түсінуі мүмкін. Қазіргі таңда күйзеліс басты маңызға айналды.Оның себебі үлкендер арасындағы және мектептегі ортамен қарым қатынастағы түсінбестік болып келеді. Алайда ол түсінбестікті шешудің оңай жолы есірткі деп ойлайды. Өмір адамға бір ақ рет берілетінін ескерейік. Болашағыңа үлкен сенім артып, өміріңді ғажайыпқа толы етіп елестетуің қажет. Бірақ көптеген адамдар әлсіздігінің кесірінен есірткіге елітіп, әз әзілге бой ұсынады. Мұндай жандардың келешекке деген мақсаты болмайды. Олар теріс жолға түскенін ерте түсінсе деймін. Жас ұрпақ ! Жас дос! Біз Қазақстан атты елдің ұрпағымыз.Есірткі дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайды. Күн арта елімізде нашақорлыққа деген қылмыстық саны  өсіп келгені құпия емес . Өмір деген қызыққой шіркін. Егер ол өмірде сүре білсек сол , қолда бар алтынның қадірін білмейтіндер, өз өмірлерін адам төзгісіз етуге де барады. Біз өмірді бағалай алмайтындарға қолдау көрсетуіміз қажет. Бүгінде нашақорлық әлемнің барлық елдерін дүр сілкіндірді. Мамандардың ең өрескел бағалауы бойынша, әлем тұрғындарының 3-4 пайызы есірткіні қолданады, ал нашақорлықтан болатын өлім жүрек – тамыр және қатерлі ісік ауруларымен салыстырылады. Біздің елде есірткі айналымы шектеулі. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар заңнамада неғұрлым ауыр қылмыстардың бірі болып танылады. Бұл бәрімізге нашақорлық алыс нәрсе емес, ол жақын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бағыт Ішкі істер органдарының жұмысында басым бағыттардың бірі болып келді және болып қала береді. Нашақорлық – бұл есірткіге психикалық және физикалық тәуелділікте көрінетін және дененің барлық функцияларын-психиканы, жүйке жүйесін және ішкі ағзаларды қатты бұзуға әкелетін ауру. Есірткіге тәуелділіктің айла-амалдары тұтынушылардың өздері де, айналасындағылар да бұл енді «еркелету» туралы емес, ауыр тәуелділік туралы екенін кеш түсінеді. Есірткіні қолданатын адам оларға деген сезімталдықты біртіндеп төмендетеді. Біз, жас буын – тәуелсіз елдің тірегіміз! Біз, жас толқын – ата-ана, ұстаздарымыз бен жақын­да­рымыздың үмітін арқалаған келешектің иесіміз! Міне, сондықтан өзімнің замандастарымды зиянды әдеттерден тыйылуға, өмірге жарқын көзқараспен қарап, білім мен ғылым жолында ізденуге, салауатты өмір салтын ұстануға, әрнәрсеге еліктемей, өзіндік ой түйіп жүруге шақырамын! Әрбір адам бақытты, табысты, ғажайып өмір сүргісі келсе, есірткі қабылдамай, оның сан соқтырар зардабын өзінен кейінгі бауырларына да түсіндіріп жүргенін қалар едім. Есірткісіз өмір – ғажайып! Мен әрқашан есірткісіз өмірді насихаттаймын! Есірткі – ессіздің ермегі. Жалғанның кермек дәмін татамын деп, алдамшы, бір күндік ләззатқа батамын деп құрдымға кеткендерді құтқару кеш болары хақ.

         Мен – Жас ұланмын! Мен – Қазақстанның болашағымын! Қазақстанның болашағы мына біздер, өсіп келе жатырған жас ұрпақ қолында екенін ұмытпағанымыз жөн.

Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!

Қызылорда қаласы 
Қарауылтөбе ауылы
№179 орта мектеп
Алтынбекқызы Нұрайым
8«А» сынып

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: