Бейсенбі, 28 қараша, 12:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ғалым ұялы телефондар жаңа пандемияға себепші болуы мүмкін екенін айтты

19.09.2021

4242 0

Квинслендте (Австралия) Бонд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу ұялы телефондар қауіпті патогендер – бактериялар мен вирустарға толы екенін көрсетті, – деп хабарлайды Спутник.КЗ.

Сол себепті ауру жұқтырмас үшін телефонды да дезинфекциялау қажет, деп хабарлайды Daily Mail.

Университеттің молекулярлық биология кафедрасының доценті Лотти Таджури зерттеу аясында 165 медицина қызметкерінің ұялы телефонын тексерді. Ол дәрігерлер операция алдында да қолымен телефон ұстайтынын көргеннен кейін осындай зерттеу жүргізуге бел буған.

«Біз тексерген ұялы телефондар бактерияларға, вирустарға, тіпті паразиттерге толы болды», – деді доктор Таджури.

Сондай-ақ, ғалым 52 проценті телефонды ванна бөлмесінде, ал 57 проценті ешқашан гаджеттерін жумағанын анықтады.

Таджуридің пікірінше, ұялы телефонға «үшінші қол» ретінде қарап, оны міндетті түрде дезинфекциялап немесе жуып отыру керек.

«Біз жануарлардың да, өсімдіктердің де патогенін таптық. Сондықтан қауіпсіздік жайлы ойланыңыз», – деді ол.

Таджури денсаулық сақтау шенеуніктерін жаңа індет басталмай тұрып,  университет зерттеуіне назар аударуды сұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: