Жұма, 22 қараша, 03:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Иіссу хош иісін жоғалтпасын десеңіз…

14.03.2021

2009 0

Иіссуды дұрыс қолдана білудің құпиялары бар екен. Олай болса, оқыңыз!

Біріншіден, иіссу хош иісін жоғалтпасын десеңіз, денеңіз таза болуын қадағалаңыз. Душқа түсіп шыққаннан соң таза денеге себу орынды.

Екіншіден, әрдайым иіссуді себер кезде тамырдың теріге жақын орналасқан жерін таңдаңыз. Терінің бұл жері жылы болуы әсерінен хош иістің аңқуы жоғары болады. Білектің ішкі жағы, шынтақтың ішкі жағы, иық және мойын. Сонымен қоса, құлақтың арты, бұл жерге себілген иіссудың хош иісі ұзақ уақыт сақталады. Таңдаған жерге иіссудың бір-екі тамшысын сепсеңіз жеткілікті.

Үшіншіден, иіссуды кез келген матаға себе беруге болмайтынын біле жүрген абзал. Табиғи матаға себілген иіссу өзінің бастапқы хош иісін жоғалтпайды (жүн, мақта маталары). Жүннен тоқылған және аң терісінен тігілген киімдерде жылдар бойы иіс жоғалмайды. Алайда, иіссу ашық түсті матада дақ қалдыруы мүмкін. Ал, аң терісінен тігілген киіміңіз бастапқы түсін жоғалтуы ықтимал. Сол себептен иіссуды киімнің ішкі көрінбейтін бөлігіне сепкен дұрыс.

Төртіншіден, дәл бүгінгі күні тұрақты бір иіссу пайдалану шарт емес. Бір күн ішінде бірнеше түрлі иіссу түрлерін пайдалануға болады. Күндіз пайдаланатын әтірдің иісі нәзік әрі жұмсақ болғаны жөн. Ал, кешкісін қолданатын иіссу хош иісті, күндізгі қолданған иіссудан өзгеше болғаны жақсы. Негізі иіссудың сақталу уақыты 4-6 сағат аралығында, кешкілік пайдаланатын иіссу одан ұзақ уақыт сақталады екен. Иістің сақталу уақытына қарай 4 категорияға бөлінеді: хош иісті иіссу, парфюмериялық иіс су, әтір, жәй иіссу.

Бесіншіден, кез келген иіссуды қараңғы жерде сақтаған дұрыс. Сонда булану әсерінен спирт тез ұшып кетпей, ауамен қосылысы нәтижесінде бұзылмай ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Алтыншыдан, хош иіссулар мен дезодорантты пайдаланарда ең дұрысы әлемдегі ең үздік компаниялардың парфюмерияларын алған дұрыс. Әрине, қалтаңызға қонымды болса…Тілші түйіні: Үнемі үстіңізден хош иіс шығып тұрсын! Ол сіздің көңіл-күйіңізге де әсер етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: