Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Интернет 2 аптаға өшетіні рас па? Министрлік пікір білдірді

24.04.2023

807 0

Мессенджерлерде 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернеттің өшірілетіні туралы айтылған хабарлама таралып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жаңа ғана дүкенге хабарлама әкелді. 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет мүлдем болмайды деді. Кімде электрон касса болса, калькулятор, таразы қойыңыздар. Халыққа қолма-қол ақша алуды ескертіңіз», – дейді аудиодағы әйел.

Бұл хабарлама Павлодар облысында таралғаны белгілі болды. Жергілікті цифрлық технология департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл – жалған ақпарат. Мұны Цифрлық даму министрлігі өкілдері де растады.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеп тұр. Ресми және сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге және фейк таратпауға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Министрлік бес мемлекеттік органға басымдықты пайдалану, сондай-ақ, желілер мен байланыс құралдарының жұмысын тоқтату құқығы берілгенін еске салды. Бұл – Бас прокуратура, ҰҚК, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері де хабарламаға пікір білдірді. Таратылған ақпараттың жалған екеніне қарамастан, МКК электр қуаты немесе интернет болмаған жағдайда да деректерді бекіту және беру функциясы бар касса машиналары офлайн режимде істей беретінін түсіндірді. Кассирге кассаның офлайн режиміне көшуі туралы хабарлама арқылы мәлім болады.

«Автоном режимде болған кезде БКМ автоном фискал белгісі көрсетілген чектерді басып шығаруды жалғастыра алады. Барлық басылған чекті машина жадында сақтайды. Сонымен қатар, БКМ Z-есебін оның жинақтауышында сақталған деректер негізінде жасайды», – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері. 

Деректерді бекіту және жіберу функциясы жоқ БKM 72 сағат бойы офлайн режимінде жұмыс істей алады.

«БКМ дербес режиміне өткеннен кейін жауапты тұлға «бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауар чегін Мемлекеттік кіріс органдарында тауар чектерінің кітабын тіркеусіз толтыруы және беруі қажет», – деп еске салды комитетте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: