Дүйсенбі, 25 қараша, 02:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Көктемде ағзаға қандай дәрумендер қажет? Дәрігер кеңесі

14.03.2023

653 0

Көктемде түрлі патология және сырқаттар салдарынан дәрумендердің тапшылығы бірнеше есе артуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы №16 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Наталья Хегай айтты, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Маман көктемде қажет ең маңызды дәрумендерді атап шықты.

«Бұл С дәрумені, D дәрумені, көктемде, сондай-ақ, А дәрумені, Е дәрумені, В1, В2 дәрумендері және РР дәруменіне назар аудару керек. Сонымен қатар, кез келген дәріханада сатып алуға болатын дәрумендік кешендер туралы ұмытпаған жөн. Алайда дәрумендердің мұндай түрін өздігінен қабылдауға болмайтынын ескерген абзал, оларды қабылдамас бұрын дәрігермен міндетті түрде кеңесу керек», – дейді дәрігер.

Наталья Хегайдың айтуынша, суық тигенде аспирин қабылдағанда С дәруменінің ағзадан шығарылу жылдамдығы 3 есе артады екен.

Дәрумен тапшылығын болмауы үшін, эндокринолог көктемде мүмкіндігінше әртүрлі тамақ ішу қажет деп атап өтеді.

«Мысалы, теңіз балығы, кептірілген жеміс пен жаңғақтар өте пайдалы. Көкөніс туралы ұмытпау керек: қырыққабат, сәбіз пайдалы», – деп толықтырды.

Дәрігердің айтуынша, ағзадағы дәруменнің  тапшылығын мына белгілер арқылы анықтауға болады:

апатия және бұрын сүйсінген заттар мен әрекеттерге  қызығушылықты жоғалту;
жиі суық тию және мұрыннан су ағу;
бір немесе бірнеше созылмалы аурудың өршуі;
ұйықтау процесінің қиындауы, ал таңертең оянудың одан да қиын болуы;
түнде сағат 2:30-дан 3:30-ға дейінгі аралықта жиі ояну;
теріде безеудің пайда болуы немесе терінің шамадан тыс құрғауы;
шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы;
іш қату, іштің ауыруы және гастрит түрінде асқазан-ішек жолдары бұзылуының пайда болуы;
қызыл иектің кенеттен қанауы;
зейіннің болмауы;
тұрақты бас ауруы;
құлақтың шыңылдауы және аздап бас айналу.
Сарапшының айтуынша, бұл тізімдегі екі белгінің болуы прогрессив көктемгі дәрумен тапшылығымен жедел күресу қажет екенін білдіреді.

«Дәрумен тапшылығының алдын алудың негізгі қағидасы – дұрыс және теңдестірілген тамақтануды сақтау. Сонымен қатар, дәрумендердің жетіспеушілігі кезінде таза ауада жиі серуендеу және тұрақты спорттық жаттығу жасау көмектеседі», – деп қорытындылайды Наталья Хегай.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: