Сенбі, 28 желтоқсан, 06:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көз түсі адам мінезінен хабар бере ме? Маман жауабы

14.12.2022

1395 0

Біз көздің түсі генетикадан деген пікірге үйренгенбіз, бірақ физиогномия бұл мәселеге қатысты басқа пікірде. Қоңыр, көк, сұр немесе жасыл түсті көздер… Олар сіз туралы не айтады?

Ежелгі адамдар көзді жанның айнасы санаған. Адамды оның сөздерінен емес, оның көздерінен де түсінуге болады. Көздің түсі мен адамның мінезі арасында нақты байланыс бар ма ?

Көгілдір көз

Көгілдір көзді адамдар шығармашылыққа жақын, эмоционалды, құбылмалы келеді және тұрақсыздыққа бейім. Мұндай көзді адамдар өмірден ләззат ала білуімен қатар, меланхолия мен депрессияға да оңай түседі. Сондай-ақ көгілдір көзді адамдар алдауға, истерияға және ашулануға бейім. Бірақ олар баға жетпес сыйға ие, ол – табиғи тартымдылық.

Сұр көз

Планетада сұр көзді адамдар көп болғанына қарамастан, басқа реңктердің қоспалары жоқ таза сұр көздер өте сирек кездеседі. Егер сіз осы топқа жатсаңыз, сізді міндетті түрде құттықтауға болады. Сіздің бойыңызға сақтық, байсалдылық, шыдамдылық және еңбекқорлық тән. Сіз әрқашан сенім артуға болатын адамдардың бірісіз. Сондай-ақ отбасыңызға берілгенсіз және таңдағаныңызға адал болып қаласыз.

Жасыл көз

Жасыл көздің иелері бизнесте шешім қабылдауға мықты, қарым-қатынаста шынайы және тартымды. Мұндай адамдар әрқашан жанашыр келеді. Жасыл көзді адамдар перфекционизмімен ерекшеленеді, олар шығармашылықпен де, көшбасшылықпен де оңай айналысады.

Қоңыр көз

Қоңыр көзді адамдар туралы айтуға болатын бірінші нәрсе – олар өте көпшіл, әзіл-қалжыңға әуес және көңіл көтеруді жақсы көреді. Бірақ олардың кемшіліктері де бар: олар ашуланшақ  және ашуланғанда басқаларды ренжітуге бейім. Қарым-қатынаста олар үстірттік танытады, көбінесе капризді, қыңыр, сондықтан оны толық түсіну қиын. Қоңыр көзді адамдар тез ғашық болады және тез жалыққыш келеді.

Көк көз

Табиғатта көк көздер өте сирек кездеседі. Олар күшті мінезімен ерекшеленеді – олар әрқашан не қалайтынын біледі және оған оңай қол жеткізеді. Көк көздің иелері кейде стандартты емес ойлауға, импровизацияға бейімділікке байланысты жақындарына ерекше болып көрінеді. Олар аздап тәкаппар келеді.

Қара көз

Көмір-қара көздің иелері көшбасшылық қасиеттерге ие. Мұндай адамдар назарда болуға үйренген – олар тартымды, харизмалы, өте көңілді. Жағымсыз белгілердің ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ашуланшақтық, авантюризмге бейімділік, қыңырлық. Қара көздің иелері өз мақсаттарына кез-келген жолмен жетеді – егер олар бірдеңе қолға алса, оларды тоқтату мүмкін емес.

Сұр-көк көз

Сұр-көк көздердің иелері туралы «скандинавиялық» деген сөз қолдануға болады. Олар суық табиғаттың әсерін береді, кез келген жағдайда олар адами бет-бейнесін сақтап қана қоймай, өзін-өзі ұстауға тырысады. Бұл адамдарды ештеңе ренжіте алмайтын сияқты. Олар өте мықты.

Сұр-жасыл көз

Сұр-жасыл көзді адамдар өздеріне мақсат қоюды, оларға жетуді біледі, бірақ сонымен бірге олар өте сезімтал және эмоционалды және көбінесеақылмен ғана емес, жүректерімен де шешім қабылдайды. Оларда интуиция мен эмпатия жақсы дамыған.

Психолог маман Абдрахманова Ботагоз бұған қатысты былай дейді: «Адамның мінезі көздің қарашығының түсіне еш байланыссыз. Көздің түсі ол ата-бабадан тұқым қуалау арқылы беріледі, сол секілді мінез де кейде ата-анадан беріледі. Алайда көздің түсінің ерекшелігі ешбір мінезді анықтай алмайды. Әрине, «Физиогномика» ғылымы деген түсінік бар. Ол адамның бет-әлпетінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, мінез-құлық және басқа да тұлғалық қасиеттерге талдау жасайды. Адам көзінің ең ерекше бөлігі – қарашықты қоршап тұрған көздің түрлі-түсті бөлігі. Олар осыған баса назар аударады. Бірақ, мұның жалған ілім екені де дәлелденіп қойған.»

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: