Жексенбі, 24 қараша, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Күнде кешкісін істеу керек 7 шаруа

13.10.2022

551 0

Кейде айналаның бәрі хаос секілденіп, ештеңеге уақыт жетпейтіндей көрінеді және әр таң асығыстықпен өтеді. Біз ұсынғалы отқан бірнеше қарапайым әдет таңды тыныш және өнімді бастауға мүмкіндік береді. 

Әр кеш сайын жалпы тазалықты сақтауға тырысыңыз. Ыдыс-аяқты жуу, диванға жастықтарды реттеу, үстелдің үстін сүртіп, бәрін орнына қою жеткілікті. Таңертең оянғанда, өзіңізге алғыс айтасыз.

Қоқысты шығарыңыз

Көбі мұны таңертең жасағанды ​​жөн көреді, бірақ егер сіз кешке қоқыстан құтылсаңыз, келесі күні істеу керек шаруа саны аз болады.

Сөмкеңізді реттеңіз

Егер сіз кеңседе жұмыс істейтін болсаңыз немесе оқитын болсаңыз, ұйықтар алдында қажеттінің бәрін сөмкеге салыңыз, ал таңертең банк картаңызды немесе кілтіңізді қайда қалдырғаныңызды еске түсіріп, үйді айналып жүгіріп жүрмейсіз. 

Не киетініңізді анықтаңыз

Келесі күннің киімін кешке ойлаған дұрыс. Ілгіштегі киімді жатын бөлмесінің көрнекті жеріне қалдырыңыз. Ең бастысы ауа райы болжамын қарауды ұмытпаңыз. 

Кір киімді себетке салыңыз

Кешке кір киімді орындыққа лақтырып, сүйікті пижамаңызды ауыстырып, тәтті ұйқыға кетуге асықпаңыз. Лас киімдерді бірден себетке салыңыз. 

Күніңізді жоспарлаңыз

Егер сіз тайм-менеджментті жаңадан бастасаңыз, кем дегенде қағаз дәптерге немесе телефоныңызға ертең орындауыңыз керек бес-жеті маңызды тапсырманы жазып көріңіз. Ертесіне оларды ұмытпайсыз.

Гаджеттерді қуаттаңыз

Таңертең қуаты таусылған телефон немесе ноутбук көп қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан түнде гаджеттерді зарядтаған дұрыс. Сонымен қатар, жақсы ұйықтау үшін.оларды төсектен мүмкіндігінше алыс ұстаған дұрыс.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: