Сенбі, 09 қараша, 00:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Күндізгі ұйқышылдықты жеңудің үш қарапайым әдісі

11.01.2023

504 0

Кейде күні бойы сергек жүру қиын. Көбіне түстен кейін ұйқы қысады. Амал не, көпшілік жұмыста сиеста – түстен кейін 20 минут ұйықтап алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан ұйқышылдықпен күресуге және кешке дейін сергек жүруге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Теңдестірілген түскі ас ішіңіз

Егер түскі аста жылдам көмірсуларды (фастфуд немесе тәттілер) көп жесеңіз, қанда қант деңгейі күрт өзгереді, ал бұл энергияның жоғалуына және түстен кейін ұйқыңыздың келуіне әкеледі. Сондықтан күндізгі рационыңыз неден тұратынына аса мән беру керек.

Алақанмен бірдей болатын ақуыз (ет, балық, жұмыртқа және т.б) үлесін, сондай мөлшердегі күрделі көмірсулар (макарон, тұтас дәнді нан, үрмебұршақ, жасымық және т.б) үлесін және түрлі түсті жемістер мен көкөністердің екі үлесін жеуге тырысу керек. Сондай-ақ аздап пайдалы майлар да қосуға болады: авокадо, зәйтүн майы, жаңғақтар және т.б. Мұндай түскі ас тойымды және кешке дейін сергек жүруге көмектеседі.

Жаттығу жасаңыз

Күндізгі физикалық белсенділік ұйқышылдықты жылдам кетіруге көмектеседі. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, сіз жаттыққан кезде дене бұлшық еттерде көбірек митохондрия бөледі. Олар, өз кезегінде глюкозаны аденозинтрифосфатқа (АТФ) айналдырады. Ал ол – энергия мөлшерін арттыратын ағзаның отын көзі. Екіншіден, физикалық жаттығулар қандағы оттек айналымын жақсартады. Ол эндорфиндердің (өзімізді сергек және бақытты сезінуге көмектесетін гормондар) бөлініп шығуына ықпал етеді.

Бастысы – физикалық жаттығуларды шаршағанша істемеу. Жылдам жүріспен серуендеп келуге немесе 15 минут жаттығу жасауға болады. Өзіңізге ұнайтын жүктеме болса, көп күттірмей эндорфиндер бөлінеді.

Босаңсу техникасын меңгеріңіз

Созылмалы күйзеліс біздің энергиямызды алады және күндізгі ұйқышылдықтың себебі болуы мүмкін. Сондықтан сергек болып қалу үшін босаңсу техникаларын меңгеріп алған дұрыс. Ол тыныс алу тәжірибесі, медитация, ароматерапия болуы мүмкін.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: