Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Маман күндізгі ұйқының қаупі жайлы айтты

28.02.2021

1913 0

Ұйқының қанбауы денсаулыққа зиян келтіретін проблемаға айналуы мүмкін. Соның ішінде, инфаркт, инсульт және депрессия сияқты ауруларды тудыруы ғажап емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

РИА Новости мәліметтері бойынша, зерттеулерге сәйкес, күндізгі ұйқы энергия беріп қана қоймайды, сонымен бірге ақыл-ой қабілетін едәуір жақсартады.

Алайда бірнеше маңызды ережелерді сақтау керек.

«Қысқа күндізгі ұйқы мидың жұмысына жақсы әсер ететінін көрсеткен зерттеулер бірнеше рет жүргізілген. Кейбір тәжірибелер кезінде адамдардың ақыл-ой белсенділігінің әртүрлі аспектілерін жадыны, есте сақтау қабілетін жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыратыны анықталған. Ұйықтаған кезде мидың функциясы қалпына келеді, дейді зерттеулерді. Алайда мұндай сезімді адам күн сайын таңертең сезінеді, күндізгі ұйқыдан кейін көбіне адам өзін жағымды сезінбейді», — дейді ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі, Сеченов университетінің жүйке аурулары және нейрохирургия кафедрасының доценті Михаил Полуэктов.                                                .

Еуропалық ұйқыны зерттеушілер қоғамының сарапшысы Александр Калинкиннің айтуынша, егер ересек адам түнде жеті мен тоғыз сағат аралығында ұйықтаса, оған күндізгі уақытта қосымша ұйқы қажет емес. Егер адамды ұйқы қысса, бұл денсаулықтың ауыр проблемаларын білдіруі мүмкін.

Маман күндіз жарты сағаттан артық ұйықтамау қажет екенін айтады. Себебі ұзақ уақытқа созылған ұйқыдан ояну да қиындау болады. Себебі адам ұйқыдан соң ми функциясының жедел жұмыс істеу қабілеті төмендейді.

Адамды күндіз ұйқы жиі қысатын болса, оның салдары жағымсыз болуы мүмкін. Қант диабеті мен депрессиялық ауруларға әкеледі, дейді мамандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: