Жұма, 22 қараша, 08:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының маңызды міндеттері талқыланды

06.09.2023

593 0

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалалық филиалының «Тұран» бастауыш партия ұйымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді талқылау мақсатында жиын өтті.
Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді дамыту бағытындағы негізгі міндеттерді атап өтіп, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Ғылым және білім, экология, энергетика, су шаруашылығы салаларына кеңінен тоқталып, жаңа министрліктер құрылатынын жеткізді.
Жиынға қатысушылар Президент Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында жүргізілетін жүйелі жұмыстарды талқыға салды. Басқосуда «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі, партияның қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Жорабек Нұрымбетов Президенттің халыққа жолдауына атап өткен ауылшаруашылығы мен су шаруашылығын жетілдірудің маңызды тетіктеріне тоқталды.
Ал Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мусаева: Қазір бүкіл әлем үнемдеуге бет бұрып отыр. Бұл жоғарыда атап өткен су ресурстарынан бастап, қарапайым отбасы табысына да қатысты. Түрлі алпауыт елдің экономикасына әсер етіп жатқан дағдарыс Қазақстанға да өз кесірін тигізбей қоймасы анық. Осы орайда, халықтың әр нәрсені ысырап етпей, үнемдеуі өте маңызды. «Судың да сұрауы бар» дегенді бала күнімізден естіп келеміз. Бұл жоғарыда атап өткен су ресурстарынан бастап, қарапайым отбасы табысына да қатысты. Су, газ, электр энергиясы сынды табиғи қажеттіліктерді бағалай білген жөн. «Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпейтін» кез келді,-деді.
Келелі кездесуде партияның белсенділері профессор Баймырза Қожамберлиев пен Жандос Базартай Жолдаудың ел дамуы үшін маңызы ерекше екенін айтты.
Айта кету керек, басқосуға қоғамдық ұйым өкілдері, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: