Жексенбі, 24 қараша, 05:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды

21.08.2024

45 0

Қызылорда облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету түрі-2, «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу».
«Мемлекет басшысының реинжиниринг және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Әділет министрлігі МҚІА, ЦДИАӨМ және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ – мен бірлесіп аттестаттау үдерістерін реинжиниринг және автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізді.
Жобаны тұтастай іске асыру процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, мамандыққа қолжетімділікті арттырады, адами факторды жояды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартады және кандидаттың аттестаттаудан ыңғайлы уақытта өтуіне мүмкіндік береді.
Аттестаттаудың екінші әңгімелесу кезеңі қазір ситуациялық кейске ауыстырылған. Алғашқыда Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында пилоттық жоба сынақтан өткізіледі. Пилоттық жоба сынақтан өткеннен кейін, ол барлық аймақтарда өткізілуде.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес пилоттық жоба іске қосылды.
Нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар үшін аттестаттау «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 8 айында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға барлығы 39 үміткер шақырылып, оның ішінде 34 үміткер аттестаттаудың бірінші кезеңі бойынша аттестаттаудан өтпеді деп саналып аттестаттамау туралы шешім шығарылып табысталды, ал 5 үміткерге аттестаттаудан өткендігі туралы шешім шығарылды.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға барлығы 60 үміткер шақырылып, оның ішінде 53 үміткер аттестаттаудың бірінші кезеңі бойынша аттестаттаудан өтпеді деп саналып аттестаттамау туралы шешім шығарылып табысталды, ал 7 үміткерге аттестаттаудан өткендігі туралы шешім шығарылды.
Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болмаған.
Аталған мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Сондай-ақ, үміткерлерді аттестаттауға сәйкес азаматтар шешіміне, жалпы аттестаттаудың өткізілуі бойынша сотқа не болмаса әділет органдарына шағымдану фактілері орын алған жоқ.

А.Қосбергенова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: