Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Микронесие беруге тыйым салынбақ

17.04.2023

422 0

21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атаулы әлеуметтік көмекті және 21 жасқа толмаған қарыз алушының кірісін бағалау ресми кірісі негізінде айқындалады. Қарыз алушының орташа ай сайынғы кірісі оның өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 айдағы қатынасы ретінде есептеледі», – делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, бұл бастама 21 жасқа толмаған тұлғаларға микронесие беруді шектеу мақсатында енгізілмек.

«Жоба 21 жасқа толмаған адамдарға микрокредит беруді шектеу мақсатында, сондай-ақ осындай қарыз алушыларды қорғау мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, жобада тұтынушылық несиелеуде тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген», – деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 28 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: