Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

​Неге КЕСЕК, БОР, КАЛЬЦИЙ жегіміз келеді?

17.03.2021

3274 0

Оның маңызды 5 себебі бар

Бұл тағам да, азық та болмайтын заттарға құмарлық негізінен жүкті немесе емізулі кезде орын алады. Бәрінде емес. Бірақ құрсағыңызда бала болмаса да кенеттен бор, кесек немесе кальций корбанатын жегіңіз келіп тұрады. Бұл қарныңыздың ашқанын емес, ағзаға қандай да бір минералды заттың, дәруменнің жетіспейтінін білдіреді. Жалпы, бұл заттарға құмарлық қандай қауіп туралы белгі береді? Алдымен осыны анықтап алайық…

БОРҒА, КАЛЬЦИЙГЕ, КЕСЕККЕ құмарлық мына АУРУДЫҢ белгілері:
ҚАНАЗДЫҚ

​Неге КЕСЕК, БОР, КАЛЬЦИЙ жегіміз келеді?

Ағза теміртапшылығына ұшырағанда үлкен күйзеліске тап болады. Бірден гемоглобиннің деңгейі төмендейді, адам қуарып, сұрланып кетеді. Тері жарылып, құрғай бастайды. Тіпті, тамаққа тәбеті де тартпайды. Қаназдыққа шалдыққан адамның қуаты болмайды, үнемі өзін шаршау сезінеді, ашуланшақ болады әрі ештемеге құлқы соқпайды. Кей жағдайларда жүрек қағысы жиілеп кетеді. Қаназдықтың салдарынан адам ағзасы тамақты емес, керісінше борды, кесекті, кальций корбанатын қажет етеді. Мұның алдын алу үшін жалпы қан сараптамасын жасату керек. Дәрігермен ақылдаса отырып, емделу жолдарын қарастыру шарт. Қаназдық қайсы адамға болса да қауіпті екенін естен шығармаңыз. Әсіресе, жүкті аналарға денсаулықтарына өте мұқият болуы маңызды. Қаны аз анадан дені сау баланың туылуы екіталай екенін ескеріңіз.

КАЛЬЦИЙ

элементінің жетіспеуі Ағза тап осы минералды затқа зәру болса, онда жоғарыда аталған заттарға аңсары ауып тұрады. Кальций элементінің жетіспеуі ең алдымен бауырға зиянын тигізеді. Одан бөлек, шаштың, тырнақтың, тіс пен сүйектің саулығына кері әсер етеді. Ағзаңыз C, D, E дәрумендерін қажет етсе, міндетті түрде қабылдаңыз. Әйтпесе, шашыңыз түсін жоғалтып, сынғыш келеді. Тырнағыңыз жұқарып, екіге бөлінеді. Ал тісіңіз бен сүйегіңіз өз міндетін дұрыс атқара алмайды. ҚАЛҚАНША БЕЗ Кейбір эндокриндік аурулар да ағзадағы кальцийдің тез жойылуына ықпал етеді. Сол кезде адам ағзасы борды, кесекті қажет етіп тұрады. Бұл жайсыздық қалқанша без ауруларынан айыққан соң басылады. Ол үшін эндокринолог дәрігерге тексеріліп, қажетті ем-шараларын жүргізіңіз.

​Неге КЕСЕК, БОР, КАЛЬЦИЙ жегіміз келеді?

ЖҮКТІЛІК

Жүкті аналарымыздың 60-70 пайызының қалтасынан не сөмкесінен міндетті түрде табылатын бұл заттарды шектегеніңіз дұрыс. Бор да, кесек те сіздегі уақытша құмарлықты басқанымен, басқа ағзаға зиянын тигізеді. Нақтырақ айтқанда, бауыр, бүйрек пен ішектің жұмысына кері әсер етеді. Салдарынан іш қату, қыжыл, жүрек айну мазалайды. Сондықтан да өзіңізге де, балаңызға да ешқандай пайдасы тимейтін зиянды заттан арылыңыз. Ол үшін дәрігердің көмегіне жүгінесіз. Сізге терапевт дәрігер қандай ем алып, қауіптің алдын алуға болатынын айтады.

ТӘУЕЛДІЛІК

Білесіз бе, адамға бәрінен де бұрын ненің қауіпті екенін. Адам ұзақ ем алып, аурудан айығады, жарасы жазылады. Бірақ тәуелділіктен құтыла алмайды. Айталық, сіз ағзаның уақытша талап еткен құмарлығын басу үшін жүкті кезде кесек жедіңіз. Бірақ балаңыз беске келгенде де қалтаңыздан кесек тастамайсыз. Бұл сіздегі мұқтаждық емес, оның орнын тәуелділік басқан. Сіз уақыт озған сайын кесекке тәуелді болып қалдыңыз. Ал кей адамдар күйзелістен арылу үшін кальций немесе кесек, бор жейді. Иә, біраз уақытқа жаныңызға рахатқа бөлейтін болар. Бірақ, уақытша екенін ұмытпаңыз. Бір күнде 1 келі кесек жесеңіз де, күйзелістен арыла алмайсыз. Есесіне, бір емес бірнеше дертті қоздырасыз. Қатты қажет еткен бұл заттарды асқабақ дәнәмен, шекілдеуікпен, жаңғақпен, жеміспен айырбастауға болады. Бұлар ағзаның құмарлығын баспайды, бірақ алдаусыратып, ұмыттырады.

БОР, КАЛЬЦИЙ мен КЕСЕКТІҢ

орнына немен алмастыруға болады? Сонымен біз борды, кальций мен кесекті қандай жағдайда қажет ететінімізді білдік. Сондықтан да қаназдықтан, қалқанша без ауруынан, тәуелділіктен, кальцийтапшылығынан арылу үшін іздейтін бұл заттарды жеуде түбегейлі тоқтатайық. Оның орнына ағзамызды кальций, темір, фосфор эелементімен, түрлі дәрумендермен байытайық. Дәрігер тағайындаған емнен де бас тартпайық. Егер сізді қаназдық мазаласа, құрамы темір элементіне бай тағамдарды үзбей жеңіз. Егер бауырыңыз ауыратын болса, кесекті, борды мүлде ұмытыңыз. Одан бөлек, ащы, майлы, тәтті тағамдарды да шектеңіз. Егер қалқанша без ауырса, міндетті түрде эндокринолог дәрігердің кеңесін алыңыз.

ТЕМІР элементіне БАЙ тағамдар:

Бауыр; Кептірілген жемістер;

Сиырдың миы, бүйрегі және тілі;

Өрік, алма, алмұрт, қараөрік;

Қара қарақат, қарлыған, құлпынай, итбүлдірген;

Анар, лимон, апельсин, мандарин;

Жұмыртқа;

Қой, сиыр еті.

КАЛЬЦИЙ элементіне БАЙ тағамдар:

Балықтың барлық түрі;

Творог;

Саумалдық;

Теңіз қырыққабаты;

Итмұрын сусыны

Қатты ірімшік

Жаңғақ

Көктер

Кебек Сүт өнімдері.

БОР, КАЛЬЦИЙ мен КЕСЕК жеу қандай ҚАУІП тудырады?

Егер аталған заттарды артығымен жесеңіз:

асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылады;

іш қату, жүрек айну, қыжыл мазалайды;

өкпе, бауыр мен бүйректің жұмысы баяулайды;

ұйқы безінің бұзылуынан қант диабеті ауруы асқынады.

Ендеше, қауіптің алдын алу үшін құмарлықты басу керектігін ұмытпаңыз. Ағзаңызды сау күйінде сақтағыңыз келсе, сақ болғаныңыз дұрыс.

ERNUR.KZ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: