Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өзіне сенімді бала тәрбиелеуге кедергі болатын 7 қате

25.02.2021

1532 0

Балалардың эмоциялық, психологиялық тұрғыда мықты болғаны маңызды. Өзіне сенімді, ерік-жігері мығым бала болашақта шешім қабылдауға бейім болады. Назарыңызға психолог Трейси Хатчинсонның «Өзіне сенімді бала тәрбиелеуге кедергі болатын 7 қате» деген жазбасын ұсынамыз.

Баланың сезімін жете бағаламау

Бала өзінің сезімін жасырмай, эмоциясын көрсетудің, оны ашық айтудың дұрыс екенін білуі керек. Ата-ана балаға «соған бола мұңайма» немесе «бұл маңызды нәрсе емес» десе, оның сезіміне мән бермей, құрметтемейді.

Егер балаңыз эмоциялық қиындықтан қорықса, оған былай деңіз: «Саған қазір қиын екенін біліп тұрмын». Сосын өзін жақсырақ сезінуге не көмектесетінін сұраңыз. Сонда бала эмоциясын басқаруға үйренеді.

Баланы сәтсіздіктен сақтандыра беру

Баланың өзіне қиын проблеманы шеше алмай жатқанын көру ата-анаға қиын. Алайда мұның салдарын да ойлау керек. Егер баланың сабақ үлгерімі нашар болса, оған дайын жауапты жазып берсеңіз, балаға көмектесудің орнына оған кедергі болып жатқаныңызды ұмытпаңыз. Себебі бала сіз жоқта, сабақта өздігінен сабақ оқи алмай қалады.

Сәтсіздік – жетісіктің, сәттіліктің үлкен бөлігі. Егер балаға қатесінен сабақ алуды үйретпесек, олар батыл болудан қалады, сәтсіздіктен кейін қайта тұрып күресуді білмейді.

Көп сыйлық беріп еркелетіп жіберу

Балалар сыйлық алғанды, ата-ана сыйлағанды жақсы көреді. Бірақ зерттеулерге сүйенсек, балалардың қалағанын алып бере берсеңіз, олар ішкі тәртіп сияқты психологиялық тұрақтылықтан айырылады екен.

Сондықтан бала бірдеңеге жетуі үшін, сол үшін еңбектеніп, күш салу керегін түсінуі керек.

Баладан мінсіздікті күту

Баланың үлкен мақсат қойып, үздік болуын қалау – қалыпты нәрсе. Бірақ бұл әрдайым орындала бермейтін қалау. Баладан мінсіздікті, жоғары деңгейді күткенде, ол болашақта өзін, еңбегін дұрыс бағаламай қалыптасуы мүмкін.

Сондықтан баладан мінсіздікті талап етпей, реалистік көзқараспен қарау керек.

Балаға бәрі жайлы болғанын қалау

Балаға жайсыз болып көрінетін біраз нәрсе бар, мысалы жаңа нәрселер: жаңа тамақтың дәмін көру, жаңа дос табу, жаңа спортпен айналысу немесе жаңа жерге көшу, жаңа мектепке бару.

Алайда сәтсіздікке ұшырау сияқты жайсыз сәттерді қабылдай алу баланы шыңдай түседі. Балаға жаңа нәрсені байқап көруге, бірінші қадам жасауға үйретіңіз. Себебі бұл қиын кезең. Оны өткергенде бала жаңа нәрсенің соншалықты қиын емес екенін түсіне бастайды.

Бала мен ата-ана арасындағы шекараны бекітпеу

Баланың өздігінен шешім қабылдағаны дұрыс, әрине, бірақ отбасында басты адам сіз екенін ұмытпағаны да жөн. Мысалы бала 12-ге толғанда оның ұйықтайтын уақытын бекітсеңіз, соны күнделікті орындайтынын қадағалаңыз.

Егер ата-ана өз ережесіне көндіре алмай, баланың дегенімен жүрсе, бала мен ата-ана арасында билікке талас болуы мүмкін. 

Өзіңізді күтпеу

Ата-ана қартайған сайын жақсы әдеттерді ұмыта бастайды. Ата-ана балаға үлгі болғандықтан өзін күтіп ұстауы керек.

Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: