Жұма, 29 наурыз, 04:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

​СҰЛЫ СҮТІнен сиқырлы маска жасаңыз

03.03.2021

2279 0

Аптасына екі рет жасаңыз, әсері екі есе болады.
Теріңіз жұмсақ, серпімділігін жоғалта бастағанын, ұсақ әжімдердің жасыңызға қарамастан ерте түсе бастағанын сезсеңіз, дереу МЫНА масканы қолданып көріңіз. Әсіресе, мойынға түскен қатпар-қатпар әжімге де таптырмайтын «сиқыршы маска» деуге де болады.

Ол- СҰЛЫ СҮТІ Түрлі маскалар мен қымбат кремдердің әсерінен жақсырақ нәтиже беретініне сенімдімін. Өйткені сұлы сүтінен жасалған маска жылдам әсер етеді. Меніңше, бұл сұлының құрамында дәрумендердің көптігінен шығар. Бұл дақылда салмақты қалыптандыратын, қандағы холестерин құрамын қажетті деңгейде ұстап тұратын, тамырларды атеросклерозды түйіндерден тазалайтын көптеген пайдалы заттектер бар. В, F, А, Е дәрумендері, крахмал, көмірсулар, ақуыздар, майлар, ферменттер, аминқышқылдары, минералды тұздар, эфир майы және қант та бар. Сонымен қатар, микроэлементтердің бірегей жиынтығын да атап өткен жөн: хром, цинк, кремний, калий, мыс, селен, бор, вольфрам, йод, қалайы, титан, стронций, цирконий және марганец. Сұлының осындай бай құрамы оны ас ретінде қолдансаңыз да, сыртқы қолданыста та пайдасын тигізбей қоймайды. СҰЛЫ ҰНЫ Сұлы ұнын сумен араластырып, күнде таңертең ашқарынға ішсеңіз де, одан бөлек теріге сұлы ұнынан маска жасасаңыз да болады. Ол бетіңізге түскен әжімдердің орнын жояды, өз жасыңыздан бірнеше жылға жас көрінуіңізге де өте үлкен септігін тигізеді.

Сұлы сүті – құрғақ ұнтақ Оны қайнаған сумен араластырғанда сұлы сүті пайда болады. Сұлы ұны дәріханаларда сатылады. Бір қорабын сатып алсаңыз, бір айға жетеді. Ол үшін бір шай қасық сұлы ұнтағын екі ас қасық ыстық сумен араластырып, жылы күйінде бетіңізге, мойын терісіне жағыңыз. Құрамын түрлендіріп, дәріханада сатылатын В, Е, С дәрумендерінің сұйық май түрін қосамын десеңіз де өз еркіңіз. Зәйтүн майын араластыруға да болады. Ең сезімтал терінің өзіне аллергия тудырмайды. Сондықтан, еш қорықпастан, кез-келген теріге қолдана теруге болады. Егер әжім ізі терең болса, сұлы сүтіне картоп крахмалын қосып пайдаланыңыз. Картоп крахмалы азық-түлік дүкендерінен оңай табылады. 1 шай қасық сұлы ұнына осындай мөлшерде крахмал ұнтағын салып араластырыңыз. Салқын су құйып былғаңыз. Қоспа қою болғаны дұрыс. Масканы бет пен мойын терісіне жағыңыз. Қол терісіне жақсаңыз да болады. Әсері лифтингпен тең. Маска кеуіп құрғағаннан соң жылы сумен жуу керек.

Әсерін арттырғыңыз келсе, маскадан соң теріге өзіңізге ұнайтын эфир майын немесе нәрлендіргіш крем жағыңыз. Сұлы ұнынан жасалған кез келген маска теріні жасартады. Сонымен бірге оны ұзақ пайдаланғаннан соң терідегі тіпті пигментті дақтар да кете бастайды. Сұлы ұнынан әзірленген масканы аптасына екі рет жасаған дұрыс. Нәтижесі 2-3 аптадан соң анық байқала бастайды.

ernur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: