Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясы өтті. Жиынға Саяси кеңес мүшесі Жорабек Ибрагимұлы Нұрымбетов және партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева қатысты.
Алдымен партияның қалалық филиалы жанындағы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Кадрлық өзгерістердің орын алуына байланысты «AMANAT» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сай Саяси кеңес мүшелері құрамына өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, Конференция барысында партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясына делегаттар сайланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!