Сейсенбі, 26 қараша, 03:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Президент Үкіметке IT қызметтер экспортын 1 млрд долларға жеткізуді тапсырды

01.09.2023

296 0

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке IT қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Өздеріңіз білесіздер, мен цифрландыру мен инновацияларды енгізу мәселесіне көп көңіл бөлемін. Біздің алдымызда Қазақстанды IT елге айналдыру дейтін маңызды стратегиялық міндет тұр. Цифрландыру саласында жетістіктеріміз бар. Электронды үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемде көшбасшылар қатарындамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі IT саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есе өскенін атап өтті.

«Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Бірақ мұнымен шектелмеуіміз керек. Үкіметтің алдындағы жаңа міндет – 2026 жылға қарай IT қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізу. Бұған ірі шетелдік IT компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдеседі. Үкімет бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізуі керек», – деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыппен жариялап отыр.

Бұған дейін жазғанымыздай, Парламент палаталарының бірлескен отырысына депутат-министрлермен бірге еңбек адамдары да жиналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: