Сәрсенбі, 27 қараша, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қарауылтөбеде күрішке орақ түсті

19.09.2023

482 0

Сыр салысымен даңқы шыққан аймақта күріш өсіру мен баптау  биылғы жылы да оң нәтижесін көрсетті.  Қалаға қарасты  Қарауылтөбе ауылдық округінде  күрішке орақ түсті.  Оған Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов қатысты.

Айта кетейік,  Қызылорда қаласы бойынша биыл барлығы 9079 гектар егін  егілді.

Оның ішінде негізгі дақылы  күріш – 4136, бидай – 119, қант құмайы – 75, көкөніс – 1331, картоп 500, бақша өнімі – 990, жаңа жоңышқа – 249 гектарға егілсе, ескі жоңышқа 1679 гектарды құрады. Егілген 119 гектар бидайдан 107,1 тонна өнім жиналып, орта өнім 9 центнерден келді. Шаруашылық құрылымдары бойынша 1928 гектар жоңышқадан 6772 тонна шөп жиналды. Қазіргі таңда картоп, көкөніс, бақша дақылдары жиналуда.

 Қарауылтөбе ауылдық округіндегі аумаққа Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу институты 1051 гектар  егін еккен. Оның 821 гектары күріш, 191 гектары мал азықтық дақылдар, 35 гектары қант құмайы. Жаңа сорт  қатарында «Айсара», «Маршал», «Рапан» бар.  Диқандар күріштің әр гектарынан 55 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.

Күрішке орақ түсу рәсімінде ауыл ақсақалдары батасын беріп, игілікті іске  сәттілік тіледі.

Г. ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: