Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қармақшы ауданында өнеркәсіп өндірісі кеңейіп келеді

29.07.2024

321 0

Кез келген ауданның экономикалық дамуына тікелей әсер ететін сала – шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Қармақшы ауданында да жыл сайын кәсіпкерлердің саны артып келеді. Бүгінде онда 3 585 кәсіпкер тіркелген. Биыл мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 52 жобаға несие беріліп, 77 азамат қайтарымсыз грант жеңген. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін тағы да 109 адамға қайтарымсыз грант берілмек. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндады.

– Биыл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бірқатар жобалар іске қосылып, тағы біразының құрылысы жүргізілуде. Мәселен, жыл басынан бері ауданда өнеркәсіп саласы бойынша 3 жоба, қызмет көрсету және сауда саласында 3 жоба жүзеге асты. Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан жобалар нәтижесінде ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету мен әлеуметтік нысандарды салу, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр беру желілерді қайта жаңғырту және газбен қамту мәселелері шешілетін болады. Ең бірінші кезекте, жеке тұрғын үйлері жоқ Жосалы кентінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға 100 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Төретам және Ақай елді мекенін газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша аса маңыздылығы бар Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейін, Дүр Оңғар ауылына газ жеткізілген жағдайда сол аймақтағы басқада 10 елді мекендерін газдандыру жұмыстарына мүмкіндік тудырары айқын. Осы жобалар іске асқанда аудан тұрғындарын газбен қамту үлесі артатын болады. Бұдан бөлек, Жосалы кентінде жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізілуде,- деді Жандос Еркінбек.

Қармақшы ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі – тозығы жеткен электр желілері болып отыр. Биыл ауданның 3 елді мекеніне қаржы бөлініп, электр беру желілері қайта жаңғыртылмақ.

– Аудандық Қуандария, Ақжар, ІІІ Интернационал, Алдашбай Ахун және Қармақшы ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілді. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен Дүр Оңғар ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленсе, Тұрмағамбет ауылының  электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Алдағы уақытта кезең кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады,- деді Жандос Еркінбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: