Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда кредит алу қиындай түседі

26.02.2023

606 0

Биыл кредит беру талаптары күшейтіледі. Бұл туралы Сенат отырысында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл агенттік тұтынушылық кредит нарығын тағы бір зерттеп шығады. Соның нәтижесінде қосымша талаптар енгізілетіні анықталды. 

«Соның ішінде сыйақы мөлшерлемесін шектеу шаралары да бар. Одан кейін микроқаржы мен коллекторлық ұйымдарды реттеу жағы да күшейтіледі», – деді Әбдірахманов. 

Оның айтуынша, кейінгі екі жылдың ішінде 28 микроқаржы ұйымы мен 37 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды.

«Биыл микроқаржы ұйымдары бойынша онлайн кредит беру мәселесіне баса назар аударылады. Бұр ретте кредит беру талаптары ғана емес, қарыз алатын адамдардың идентификациясына қатысты талаптар да күшейтіледі. Негізгі мақсат – алаяқтық жолмен кредит беру деректеріне жол бермеу», – деді Әбдірахманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: