Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда мопедтерді тіркеу міндеттеледі

19.09.2024

294 0

Фото: stan.kz

Қазақстандық мопед жүргізушілері мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттеледі. Тиісті заң Сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат Евгений Больгерттің сөзінше, бұған дейін Мәжілісте қабылданған «Жол жүрісі туралы» көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру туралы» заң мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеуден өскізуді енгізеді. 

«Қолданыстағы стандартқа сәйкес максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын мопедтер тіркеуге жатады. Қарастырылып жатқан заңға сәйкес, барлық мопедтер (қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын) тіркеуге жатады», – деді депутат. 

Заңда мопедті басқару құқығы А1 кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады.  Ал А және В санаттарының болуы мопедті басқару құқығын растайды деген ережені қарастырады.

Айта кетейік, бұған дейін Елімізде бұдан былай мопед жүргізушілері жол қозғалысына қатысушылармен теңестірілетіні туралы жазған едік. Орташа жылдамдық ұғымы енгізіліп, жылдамдық шегін бұзғандар жазаланатыны айтылған. Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар да күшейтілетіні жеткізілген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: