Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады, – деп хабарлайды «КТК» телеарнасы жасап.
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысын дайындады.
Сапа күні – қарашаның екінші бейсенбісі. Қазақстанда мұндай мерекені енгізу сапалы тауарлар мен қызметтерге деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға, отандық кәсіпорындар мен ұйымдарды өз өнімдері мен қызметтерін жақсартуға ынталандыруға ықпал ететіні айтылды.
«Сапа күнінің әлеуметтік маңызы сыртқы сын-қатерлерге ең жақсы жауап ретінде ішкі сапа тақырыбының өзектілігімен, импортты алмастырудың маңыздылығымен, қазақстандық өнім өндірісінің өсуімен, жұмыс орындарын сақтау мен құрумен, еңбек ресурстарын арттырумен анықталады», – делінген негіздемеде.
Сонымен қатар, бұл күн 1989 жылдан бері жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде дүниежүзілік қауымдастық деңгейінде атап өтілетін дүниежүзілік сапа күніне теңестірілгені айтылды. Оны БҰҰ қолдауымен еуропалық, америкалық және жапондық сапа ұйымдары құрған. .
Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғамдық деңгейде талқылануы үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!