Қазақстандықтар үшін 2023 жыл жексенбіде басталып, демалыс күндері 3 қаңтарға дейін жалғасады. Алдағы үш күн – 4, 5 және 6 қаңтар – жұмыс істейді.
2023 жылы 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 31 желтоқсанға және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтарға сәйкес келеді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады.
Еске салайық, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!