Жексенбі, 11 тамыз, 02:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

Қоғам қайраткері Қайраддин Баймаханов дүниеден өтті

10.08.2024

9 0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұжымы Ауған соғысының ардагері, облыстық «Ерлік» үйлестіру» кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Баймаханов Қайраддин Әлібайұлының ұзақ науқастан кейін дүниеден өтуіне байланысты, отбасы мен ағайын-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы 1959 жылы 10 маусым күні, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Қызылорда совхоз техникумын «Техник-механик» мамандығы бойынша аяқтап, 1979-1980 жылдары әскери борышын Ауған шекарасында өтеуге аттанып, шекаралас елдер арасындағы ынтымақтастықты орнату, ұрыс қимылдарын тоқтату үшін бірнеше әскери операцияларға қатысқан.
1980-1985 ж.ж. аралығында АТП-1 мекемесінде бригадир, 1985-1989 ж.ж. Қызылорда «Рисмаш» зауытында мастер, 1989-1991 ж.ж. аралығында Қызылорда «Рисмаш» заводының бөлім басшысының орынбасары, 1991-2003 ж.ж. Жеке кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, 2003 жылдан бастап уақытқа дейін ҚРҚМ «Әскери техникалық мектеп» Қызылорда филиалының әскери-патриоттық тәрбиелеу бөлімінің басшысы, Қызылорда облысының «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлер қоғамының» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және облыстық «Ерлік» үйлестіру» кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Қайраддин Баймаханов қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, азаматтық қоғамды дамытуда бірқатар бастамалар көтеріп, ұрыс алаңында қаза тапқан майдандастарының ерлік істерін өскелең ұрпаққа насихаттау, олардың есімдерін мәңгі есте сақтау жолында табысты еңбек етті.
Қараддин ӘлІбайұлы «Отан» алдындағы ерлігі және абыроймен атқарған еңбегі үшін, 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі, 2008 жылы «Ерлік үшін» медалі, 2010 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі, 2012 жылы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл» медалі, 2015 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» мен Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» және Қызылорда облысының «Үздік үкіметтік емес ұйым» мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Баймаханов Қайраддин Әлібайұлының елеулі еңбектері өскелең ұрпақтың бойына рух беріп, есімі мәңгі жадымызда сақталады.
Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.
Ескерту: Қайраддин Әлібайұлын ақтық сапарға шығарып салу митингісі 11 тамыз сағат 10.30, намазы сағат 11.00-де.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Отырар көшесі, 30 үй.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: