Сенбі, 21 желтоқсан, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Құрылыс жұмыстары аймақ басшысының тікелей бақылауында

24.06.2024

88 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы нысандарды аралау кезінде «Dalatex» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Ерлер жейдесін тігетін цех 2016 жылы жұмысын бастаған. Екі жыл ішінде өнім түрі көбейіп, қуаттылығы жылына 120 мыңға, жұмыс орны 90-ға жетті.

«Dalatex» ЖШС «Алтын сапа» байқауында «Қазақстанның үздік тауары – 2018» номинациясын жеңіп алды. Маусым айының басында жоба бастамашысы тігін фабрикасын кеңейтіп, аумағы 1 900 шаршы метр болатын ғимаратқа көшті. Қуаттылығы жылына 400 мыңға, жұмыс орны 150-ге дейін өсті.

Әрі қарай аймақ басшысы Қан орталығына барды. Осы кезге дейін жеке ғимараты болмаған облыстық Қан орталығы жақын күндері ел игілігіне табысталады. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінген.

Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев халықтың талап-тілегі мен сұранысына сай салынған жаңа автовокзалдың жұмыс барысын көрді. Мұнда жолаушылар мен жүргізушілерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Жолаушылар осы жерден халықаралық және түрлі бағыттағы 38 маршрут бойынша сапарға шыға алады.

Аймақ басшысы қала әкімі Серік Қожаниязовқа, жауапты басқарма басшыларына барлық нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: