Сейсенбі, 23 шiлде, 00:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

«Құтқару жұмысы – менің өмірдегі миссияма айналған»:Шәкизат Оңдасынұлы

22.07.2024

66 0

​Қызылорда өңірінде қызметі өмірлік кредосына айналған мамандар баршылық. Олардың бірі Әлқуат Шәкизат Оңдасынұлы.
​Ол 1995 жылы 5 тамызда Қазалы ауданында дүниеге келген. Қармақшы ауданындағы Ақай ауылында 2011 жылы 9-сыныпты, яғни негізгі мектепті бітірген. Сол жылы Қарағанды облысындағы темір жол колледжінде білім алған. 2014 жылы колледжді тәмамдап, Өскемен облысындағы №27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген. 2016 жылғы наурыз айынан бастап Қармақшы ауданында өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист, маусым айынан бастап Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен. 2017 жылдан бастап сол бөлімде бөлімше командирі болып тағайындалды.
​Оқиға болған күні азамат еңбек демалысында, сонымен бірге жеке шаруаларын атқарып жүргеніне қарамастан, өзен маңында болған жағдайды анықтап, жедел әрекет етіп, 22 жасар қызды ағысы қатты дариядан жағаға шығарып, оған алғашқы көмек көрсетіп, оны құтқарып қалды.
​Шәкизат Оңдасынұлы: «Сырдария өзенінің бойында Тастақ аумағында бір топ адамдардың көмек сұраған дауыстары шығып, оларға көмек көрсетуге жүгіріп бардым. Сырдария өзенінің жанына барғанымда бір қыздың ағыспен ағып бара жатқанын көріп, оны өзен жағасына шығарып, алғашқы көмек көрсеттім. Әрине, өзен жағасында оқиғаны бақылап тұрған басқа да бірқатар азаматтар болды, олар маған қолдау білдірді.»,-дейді.​ Ол жалпы өмірде де елгезек, көпшіл, жауапты, кез-келген адамға қиын жағдайда көмек көрсете білетін азамат. Шәкизат Әлқуатпен әңгімелескенімізде: «Құтқару жұмысы – өмірдегі мақсат–миссиям»,-деді.
​Иә, кәсіби шебер, мақсаты айқын, еңбексүйгіш азамат – әрқашан елдің мақтанышы. Еліне адал қызмет ететін жастар мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосатыны кәміл.

Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобының
бас маманы Айгүл Нұрманова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: