Жұма, 27 желтоқсан, 04:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қыз баласына өсиет 

03.10.2023

699 0

Халқымыздас «Қыз жат жұрттық» деген бар. Қыз баласының тұрмысқа шығып

келін болуы, өмірге ұрпақ әкеліп ана атануы өмір заңдылығы. Отбасының берекесін әйелдің ақылы мен даналығынан деп түсінген бабаларымыз қыз баласын отбасылық өмірге жастайынан баулыған.

Оның ақылды да инабатты,  өнегелі тәрбие алуы үшін өсиет айтып отырған. Қыздарды әдепті, ибалылыққа тәрбиелейтін өсиет сөздер.

Жаныңдағы кісімен жарыса сөйлеме.

Жалғыз өзің қыдырма, дарақыланып күлме.

Өтірік, өсекке үйір болма.

Суық жүріс, сумаң қылыққа салынба.

Кісіге қарай керілме, есінеме.

Талтайып отырма, шалқайып жатпа.

Тамақты ашкөзденіп жеме.

Ұрлық-қарлықтан ада бол.

Ашық-шашық киінбе, бұраңдап қылымсыма.

Қызыл іңірде жатпа, түске дейін ұйықтама.

Кісі алдында киім ауыстырма.

Салт-дәстүрден аттама, адамдарды ғайбаттама.

Үлкендердің жолын кесіп, атын атама.

Ішімдікке, шылымға әуес болма.

Ұрыс-керіске жол берме.

Беттен алып, бет жыртыспа.

Ысырапшыл, рахымсыз, қатыгез болма.

Түнде суға жалғыз барма.

Жат жыныстылармен араласпа.

Әдепсіз сөйлеме.

Ебедейсіз, оқыс қимылдама.

Адам мен жануарларды теппе.

Кісіні қорлап, жәбірлеме.

Тәкаппарлық танытпа.

Айқай-сүреңге әуес болма.

Шектен тыс сыланып жасанба.

Қызғаншақтық пен күншілдікке бой берме.

Менмендік пен өзімшілдікке салынба.

Адамдарды алдап-арбама.

Көрсеқызарлыққа құштар болма, нәпсі құмарлықты өзіңе дос етпе!

Әзірленген А.САЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: