Сейсенбі, 24 желтоқсан, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 300 тонна болатын тұқы шаруашылығы іске қосылды

01.07.2024

476 0

Қазақстан өңірлерінде балық шаруашылығы белсенді дамып келеді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
   Қызылорда облысының Арал ауданында тұқы өсіретін тоған балық шаруашылығы құрылды.
    «Арал Рыбторг» ЖШС басшысы Қуаныш Өмірзақов қазіргі уақытта 15 гектар аумақтағы 4 тоғанда балық жіберу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
   «Маусым айында 7 млн. 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Күзге дейін тоғандардың ауданы 25 гектарға дейін ұлғайтылады, содан кейін қуаттылығы жылына 15-20 миллион шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталады.  Тауарлы балықтың алғашқы партиясын 2025 жылы алуды жоспарлап отырмыз»,- деді Қуаныш Өмірзақов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: