Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР МЕН ЖАСТАР ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРМАҚ

09.09.2023

386 0

Қызылорда облыстық «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің «Көп балалы аналар мен жастардың шешім қабылдауға қатысуын қолдау» жобасы Орталық Азияның Еуразия Қорының Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» жобасының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылуда. Сыр өңірінің көп балалы аналары мен жастарын жұмылдырып, азаматтық технологияларды пайдалану арқылы шешім қабылдауға қатысуын жетілдіруді мақсат еткен бұл жоба қазіргі таңда аналар мен жұмыссыз қыз-келіншектерге, жастарға жан-жақты ақпараттық қолдау білдіріп келеді.

Жобаға ниет білдірген көп балалы аналар мен жастардың арасынан 50 белсенді қатысушы өз дауыстары арқылы еліміздің маңызды шешімдерінің қабылдануына өз үнін қоса алады. Бұл жобаның басты артықшылығы — қатысушылар цифрлық сауаттылығы арқылы өз қауымдастықтарының әлеуметтік мәселелері мен қажеттіліктерін анықтап, үкімет пен билікке ашық жеткізу тетіктерін қолдана алады. Өздеріне керекті ақпараттарды үйден шықпай-ақ алып отырады. Жұмыссыз жастар алған білімдері арқылы онлайн жұмыспен қамтылуы мүмкіндігі артады. Бүгінгі күні жоба аясында мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнатылып біріккен іс-шаралар ұйымдастыру тәжірибесі қалыптасты. Көп балалы аналар мен жастар қоғамның белсенді мүшелері ретінде цифрлық технологиялар арқылы өз пікірін жеткізуге мол мүмкіндік алып отыр.

Көп балалы аналар мен жастар, қауымдастық мүшелері жоба аясында ашылған «AqBosagaInform» телеграмм-бот арқылы «Ашық Үкімет» платформасымен жұмыс жасау әдістерін меңгеріп, заңнамалық актілерді, бюджетті талдауға қатысты мәлімет пен мемлекеттік жеңілдіктер және түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттарды дер кезінде алып отыр.

Дәл қазір қалада Е-Өтініш, Е-Салық, Е-Лицензия сияқты платформаларда жұмыс жасауды оқыту семинарлары жүруде. Жоба жұмысы нәтижелілігін арттырып, бірлескен шаралар қабылдау мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Е.Сисенбиевпен және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ғ.Жаңабаевпен жоба аясында серіктестікте жұмыс жасауға бағытталған Меморандумға қол қойылды.

Жастар мен әйелдер арасында азаматтық технологияларға деген қызығушылық жоғары. Қазақстан Үкіметі халықпен диалог жүргізуге жағдай жасады, демек мұндай ақпараттық науқандар тұрғындарды ақпараттық сауаттандыру үшін өте қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: