Дүйсенбі, 25 қараша, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада конституция күні аталып өтті

30.08.2023

235 0

Қызылордада Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. «Бүгінде ынтымағы жарасқан, берекесі артқан өңірімізде Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыруда, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени салада оң динамика бар. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында биылғы тамыз айында облыс бюджетінің көлемі 604 млрд. 100 млн. теңгеге жетті. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда бюджет (387,3 млрд.теңге) 220 млрд.теңгеге, яғни 56,2 пайызға көбейді. Бұл ауқымды қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға жұмсалады. Аймақта құрылыс жұмыстарының көлемі 48 пайызға (64,2 млрд.теңге), инвестициялар тарту 24,2 пайызға (201,9 млрд.теңге), сауда көлемі 3,9 пайызға (383,8 млрд.теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2 пайызға (383,3 мың шаршы метр) және ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,1 пайызға (49,9 млрд.теңге) артты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 979,7 млрд. теңгеден асатын 46 жоба енгізілді. Индустрияландыру аясында өңірде құны 607,7 млрд. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда. Соған сай 6,3 мың жұмыс орны құрылатын болады», – деді аймақ басшысы. Салтанатты іс-шарада өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа марапат табысталды. Айта кетейік, өткен жылдан бері осындай мерекелік шараларда «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру дәстүрге айналды. Бүгінгі салтанатта «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы 1990-1993 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің, 1995-1999 жылдары Парламент Сенатының депутаты ретінде Тәуелсіз еліміздің алғашқы заңдарының қабылдануына атсалысқан, өңіріміз бен еліміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан «Құрмет» орденінің иегері, Арал, Жалағаш, Қармақшы аудандарының Құрметті азаматы, ҚР еңбегі сіңген эколог Биғали Қаюповқа табысталды.Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.Еске салсақ, Конституция күнін атап өту аясында өңірде бірқатар маңызды, мазмұнды іс-шара ұйымдастырылуда. Күні кеше Шиелі ауданында 70-тен астам отбасы қоныс тойын тойлап, заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Осы күндері облыс орталығында бірнеше мерекелік шара өткізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: