Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада республикалық тамыз конференциясы өтті

25.08.2023

978 0

Бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы педагогтерінің республикалық тамыз конференциясының жалпы пленарлық отырысы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Мәжілісдепутаты Мархабат Жайымбетов, Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева қатысты.

Биылғы тамыз мәслихаты жаңа форматта өтуде. Министрлік ұстанымына сәйкес әр облысқа арнайы тақырыптар белгіленген. Өзге өңірлерден келген 300-ден аса үздік педагог кешеден бері білім беру саласының маңызды мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзгерістерге қадам басқан уақытта жас ұрпаққасапалы білім беруде, тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерекше екенін айтып, бала болашағы үшін атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет» деп атап өтті. Биылғы тамыз кеңесінің «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атауын еншілеуі құндылықтардың бағасы қай кезде де биік екенін тағы бір дәлелдеді. Себебі адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді. Ел Президентінің, Үкіметтің қолдауымен соңғы бір жыл ішінде білім саласына бағытталған қаржы көлемі  260 млрд.теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Осының арқасында саладағы ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асырудамыз. Өңірдің 3-6 жастағы балалары100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Ал 2-6 жастағылар үлесі 88,9 пайызға жетті. Тұрақты қолдау көрсетілгендіктен балабақшалар заманауи бағыттағы ІТ жобаларды сәтті енгізіп, аймақтың үздік тәжірибесін өзге облыстарға таратуда. Бұл ретте тәрбиешілердің білім деңгейін көтеруге ерекше жағдай жасадық. Жыл көлемінде барлық жеке балабақша тәрбиешілері тегін курстардан өтуде. Біз үшін тәрбиешілердің мемлекеттік немесе жеке балабақшада жұмыс істегені маңызды емес. Олардың біліктілігін арттыруда тең көзқарас ұстанамыз. Өйткені – бала бәрімізге ортақ», – деді аймақ басшысы. 

Тамыз кеңесінде баяндамашылар өз салалары бойынша тәжірибелерін бөлісіп, бала тәрбиелеуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, биыл Қызылорда облысының білім саласында жағымды жаңалықтар жетерлік. Аймақта мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігінің ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді. Бүгінде облыстағы 613 балабақшаның 453-і немесе 73%-ы  жеке сектордың үлесінде.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберіндеқұны 86,2 млрд.теңге болатын21 заманауи мектеп салынады. Жаңа білім ордалары 12  мыңнан аса оқушыны қамтиды. Биыл өңірде 10 мектептің іргетасы қаланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: