Сенбі, 21 желтоқсан, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Серікболсын Сарыбаев: АЭС-ті экономикасы дамыған елдер салып жатыр

23.08.2024

322 0

Біз АЭС төңірегінде таласып жүргенде көршіміз Қытай 11 ядролық реактордың құрылысын салуды бастапты. Кейбір талдаулар бойынша Қытай 2030 жылға таман әлемдегі атом энергиясын өндіруден ең басты елге айналады екен. Қазірдің өзінде Қытайда 55 реактор бар.  Халқы көп, экономикасы қарыштап дамып жатқан елге тұрақты энергия беретін атом электр станциялары көптік етпейтін сияқты. 

Өзіміз жиі салыстыратын Өзбекстан бізбен шекаралас Жызақ облысында АЭС салуға кірісіп жатыр. Өзіміз жақын тартатын бауырлас ел Түркия «Аккую» АЭС-ін жақын уақытта қолданысқа беруі мүмкін. Осы атом станциясын салуға қазақстандық 150 маман атсалысуда. Егер халық референдумда АЭС салуды қолдаса, сол өзіміздің тәжірибелі мамандар өз еліндегі құрылысқа да қатысуы мүмкін.  

Тізімді қарасақ АЭС-ы бар әлемдегі 30-дан астам елдің барлығы дамыған елдер. Жанталасып АЭС салуға талпынып жатқандар да дамыған елдер. 

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Қазатомпромның бұрынғы бастығы Мұхтар Жәкішовтің АЭС салу бойынша айтқан пікірі де кең талқылануда. Айтуынша жел, күннен алатын энергия көзіне сенуге болмайды, ең тұрақты тоқтаусыз энергияны АЭС береді. Осыларды көріп ойланып қаласың.

Серікболсын Сарыбаев, әлеуметтанушы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: