Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шашты күн сайын жууға бола ма? Стилист мифтерді жоққа шығарды

09.12.2022

1014 0

Стилист мамандығының қашан пайда болғаны нақты белгісіз, бірақ көне өркениеттердің билеушілері сәннің негізін қалаушылары деген пікір бар. Эстетика ұғымының пайда болуымен сұлулық туралы ілім – сән және стиль өнері дүниеге келді. Алғашқы трендтерді ежелгі Грекия ханшайымдары жасады. Олар шаш үлгісін жиі өзгертетін, ал халық олардың сырт келбетіне еліктеді.

Бірақ бұл саланың нағыз гүлденуі ХІХ ғасырда басталды. Дәл осы кезеңде сән индустриясы, жоғары сән, маусымдық трендтер және бүгінге дейін бар сән үйлері пайда болды.

Ұзақ уақыт бойы стиль өздігінен дамып, «стилист» мамандығы кино дәуірінде ғана нарыққа қадам басты. Атақты адамдар киім, макияж және шашты дұрыс үйлестіруге көмектесетін жеке көмекшілер ала бастады. Біраз уақыттан кейін мұндай көмекшілер»стилист» деп аталды.

«Шашты күнде жууға болмайды» деп айтып жатады. Бұл пікірмен келіспеймін. Күнде жууға болады. Адам өзіне ұнайтын, шашына қолайлы сусабын, бальзам табуы керек. Қазіргі таңда адамдар жұмысқа барса да, кездесуге барса да өзіне күтім жасауы қажет. Өзіне қарамайтын, шашы майланып жүретін адамдарды ұнатпаймын», – дейді ол.

Ол шаш күтіміне үйде пайдаланылатын сусабыннан бастап майларға дейінгінің бәрі бір брендтен болғаны жөн дейді.

«Сусабын мен бальзам бір брендтен болғаны дұрыс. Олар әртүрлі болса кейде сәйкес келмей қалуы мүмкін», – дейді маман.

«Шаш – тірі, ол өседі. Адамды сұлу етіп көрсетеді. Оған қалай күтім жасасаң, өзің де солай болып жүресің. Дұрыс күтім деген тазалық. Ең алдымен түсініп алатын жағдай мынау: шаш сау болсын десең ішкі жан-дүниең, ағзаң сау болуы керек. Әйтпесе, сусабын, бальзам және басқа да дәрілік заттар көмектеспейді. Егер ішкі-құрылыста проблема болса, шаш та сау емес деген сөз», – дейді маман.  

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: