Сенбі, 21 желтоқсан, 18:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

14.09.2024

335 0

Назарларыңызға өте сирек кездесетін әрі ең ерекше жемістер туралы мәліметтер легін ұсынамыз!

1. Қантты алма 

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Бұл жемістің шыққан жері – тропикалық Америка болғандығымен, оны Пәкістанда, Үндістанда, Филиппинде өсіреді. Жемістің түрі қарағай бүршіктеріне ұқсас келеді, ал диаметрі 10 сантиметрді құрайды. Алмадан қайнатылған крем дәмі шығып тұрады, жемісі ақ және ішінде бірнеше дәндері бар.

2. Черимойя

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Черимойя – Оңтүстік Американың таулы аймақтарында өсірілетін жапырақты өсімдік. Жемістің жұмсақ еті хош иісті, ақ болып келеді. Жемістің дәмін татқандар бананның, маракуйяның, ананастың құрамына ұқсас келеді деп жатады.

3. Ғажайып платония

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Платония – Бразилия мен Парагвайдың тропикалық ормандарында өсетін шағын ағаш. Жемістер апельсин көлеміне жеткен соң, одан сары сұйықтық аға бастайды. Ішінде қышқыл татитын ақ түсті жұмсақ еті және қара дәндері бар.

4. Лангсат

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Лангсат немесе дуку —  Азияның кез келген жерінен табуға болатын бір-біріне өте ұқсас жемістер. Лангсаттың қабығы шірнелі болып келеді. Жемісті шірнеден ажыратып алу өте қиын. Дәнектері ащы, жемістері өте тәтті болып келеді.

5. Жеуге жарамды дакриодес 

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Дакриодес — бұл Африканың тропикалық ормандарында, Нигерия мен Анголаның солтүстігінде өсетін мәңгі жасыл ағаш. Жемісінің сыртқы түсі қара-көк, күлгін түсті болса, жұмсақ еті жасыл түсті болып келеді.

6. Нони

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Бұл жемістің моринга, үнді тұты сынды атаулары бар. Отаны – Оңтүстік-Шығыс Азия және Аустралия болып табылады. Ағаш жылы бойы жеміс салып тұрады да, жемістері пісіп-жетіле бастағанда, өткір иістер шығарады.

7. Салака (жылан жемісі)

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Жылан жемісінің шыққан жері – Индонезия. Олар жүзім секілді шоқ-шоқ болып өседі. Жеміс өзінің атауын қызыл-қоңыр жылан қабыршағына ұқсас келетін қабығына байланысты иемденген. Ішінде жеуге жарамсыз қара дәнекті 3 тәтті «сегмент» бар. Дәмі – қышқыл-тәтті болып келеді.

8. Карамбола 

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Карамбола — шыққан жері Филиппин саналатын жемісті ағаш. Солай болғанымен, бүгінде кармаболаны Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Оңтүстік Америкадан ұшырастыруға болады. Жеміс С дәрумені мен антиоксиданттарға бай. Әбден пісіп-жетілгенде ашық сары түсті болып кетеді. 

9. Мүйізді қауын

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Мүйізді қауын Африканың қияры ретінде кең танылған. Бүгінде олар Аустралия, Жаңа Зеландия және Чили жерінде өсіріледі. Жеміс піскенде оның қабығы өткір сары тікенектермен жабылады да, түсі ашық жасыл болып өзгереді. Көп адамдар оның дәмін банан дәмімен салыстырады. Құрамында С дәрумені мен жасұнық көп кездеседі.

10. Сиқырлы жеміс

Сіз естімеген экзотикалық жемістер

Бұл «таңғажайып жеміс» немесе тәтті жидектер Батыс Африкадан шыққан. Неге сиқырлы дейсіз бе? Бұлай деуіміздің себебі, оның құрамында гликопротеин араласқан миракулин қанты бар. Жемістің өзі тәтті болмағандығымен, осы гликопротеинді жеген адам 2-3 сағат бойы не жесе де, тек қана тәтті дәмді сезеді екен.

Ақпарат көзі: massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: