Жұма, 22 қараша, 09:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сіз қандай ұн пайдаланып жүрсіз?

12.09.2024

310 0

Күнделікті тағам рационын нан өнімдерінсіз елестету қиын. Қазір сауда сөрелерінде нанның саналуан түрі сатылымда, тұтынушыға кең таңдау берілген. Егер Сіз дастарқаныңызға күнделікті нан өнімдерін дайындайтын болсаңыз – фортификацияланған ұнды пайдалануға кеңес береміз. Себебі мұндай ұн қажетті түрлі минералдармен, дәрумендермен байытылған.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізу үшін өндірілетін нан пісіруге арналған жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамына темір бар дәрумендер, минералдар және басқа да заттар қосылады.
Технологиялық өңдеу кезінде көптеген азық-түлік өзінің құнарлылығын азайтады. Бұларды қайта қалпына келтірудің бір жолы – ұнды дәрумендермен және микроэлементтермен байыту. Күнделікті қолданыстағы тағам болғандықтан адам ағзасына аса қажет темір, фолий қышқылы және дәрумендерді ұнға қосу тиімді.
Фортификация – өнімді ұнтақтау кезінде дәрумендер мен минералдардың аз мөлшерде қосылуы, бұл азықтың сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификация процесі кезінде жоғарғы және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері араластырылады. Қоспа элементтер тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органалептикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды ұн сатып алу кезінде оның фортификацияланғанына назар аудару қажеттігін еске салады. Себебі ағзаға қажетті дәрумен-минералдармен байытылған тағам түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Бұдан бөлек, өнім сатып аларда оның сыртқы түріне, қаптамасының бүтіндігіне, жағымсыз әрі өткір иістердің болмауына назар аударыңыз. Сондай-ақ жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары да мән беруді қажет ететін маңызды талаптардың бірі. Егер қандай да бір бүліну немесе сапасына күмән туатын болса мұндай өнімді алмауға тырысыңыз.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: