Қара қою какао араласқан шоколад өнімін кім жек көрсін. Бәрінің жегісі келеді. Себебі тәттіге әркімнің-ақ бар таласы. Дегенмен соның ішінде «сникерс» шоколадына деген сұраныс көп. Ал ол туралы төмендегі деректі естіп пе едіңіз?
«Марс» шоколад өндіру фабрикасының директоры Фрэнк Марс уақыт өте келе жаңа шоколад түрін ойлап тапқысы келді. Ол бұл өнімді ойланбастан жасап, нарыққа шығарады. Бір қызығы ол жаңа шоколадның атын «сникерс» деп қояды. Бұл атау оның ең сүйкті жылқысының атына қойылған. Ал ең өкініштісі оның сүйікті жылқысы шоколад фабрикада енді дайындалып жатқан тұста мерт болған.
«Сникерс» шоколадының құрамы ешқандай бір ерекше өзгеріске түспеген. Оның негізгі құрамы сол 1930 жылдан бері жалғасып келе жатқан өнім негізінде қалған. Қазір аталған шоколад жастар арасындағы ең өтімді әрі ең көп сұранысқа ие өнім. Әлемде әрбір секунд сайын 400 дана сникерс желінеді екен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!