Сәрсенбі, 02 сәуiр, 03:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23,2136
01.04.2025
PDF мұрағаты

Қауіпсіз ойыншық таңдай аласыз ба?

28.11.2024

55 0

Әр отбасының бақыты – балалар үшін ойыншықтардың маңызы зор. Кез келген бала ойыншық арқылы есейіп, ой-өрісін дамытады. Ата-аналар көп жағдайда ойыншықтың қауіпсіздігі мен сапасына баса мән бере бермей, баланың сұраған ойыншығын ойланбастан алып беріп, оның қаупі туралы ойлана бермейді. Сондықтан ойыншық сатып аларда саналылық білдіріп, жауапкершілікпен қарағаны абзал.

Қазақстанда балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентімен реттеледі. Дәл осы құжат ойыншықтар сапасы мен қауіпсіздігін қаматамасыз ететін бірқатар талаптарды белгілейді.

        Ойыншықты таңдау кезінде ең алдымен қамтамасына назар аударыңыз. Онда ойыншықтың атауы, өндіруші туралы ақпарат пен оның орналасқан жері, ойыншық арналған баланың жасы, техникалық регламентке сәйкестігі, тұтыну қасиеттері туралы деректер, өндірілген күні,сақтау мерзімі мен шарттары көрсетіледі. Яғни ойыншықтың қамтамасындағы жазулар өнім туралы толық ақпарат беруі тиіс.

        2024 жылы ойыншықтардың қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг шеңберінде зертеуге алынған 26 ойыншықтың  84,6 пайызы немесе 22 ойыншық  таңбалау бойынша техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты. Яғни, ойыншықтың таңбалануында дайындаушының,импорттаушының атауы және орналасқан жері,олармен байланыс үшін ақпарат, ЕАС өнімдерінің біріңғай айналым белгісі, мемлекеттік тілде мәліметтер көрсетілмеген. Бұл  өз кезегінде тауар сапасына күмәнділікті күшейтеді.

      Сонымен қатар ойыншықтың иісіне де мән беру маңызды, бұл арқылы оның сапасын жанама түрде анықтауға болады. Ойыншықтардың өткір, жағымсыз иісі болмауы керек және ойыншықтың боялған бетінің беріктігін тексеру керек.Ойыншықтардың өндірісінде қолданылатын  бояғыш заттар қауіпті  болып табылады, оның құрамына формальдегид, фенол, феноксил, метил, изгобитурат және т.б. кіреді. Ойыншықтарда осы қауіпті заттардың деңгейі мөлшерден асып кетсе, бала өміріне үлкен қауіп төндіреді. Кішкентай балалар ең алдымен ойыншықтардың дәмін татуға тырысады, нәтижесінде  сапасыз ойыншық болса оның құрамындағы химиялық заттар ағзаға еніп, балалардың бүйректері, бауырлары, асқазандары, иммундық жүйесіне қауіп төндіреді, сондай-ақ әр түрлі аллергиялық реакциялық әсері болуы мүмкін. Ойыншықтардың бояуы немесе лак заттардың түскенін көрсеңіз, алмағаныңыз жөн. Ондай ойыншықтар  баланың сілекей және тыныс алу жолдары арқылы баланың ішкі организміне түседі.

      Назар аударатын тағы бір жағдай, ойыншықтардың үшкір бұрыштары мен қисық шеттері болмауы тиіс. Себебі мұндай ойыншықтар баланың жарақаттануына әкеп соқтырады. Сондай-ақ ойыншықтың айрықша өткір, жарық түстілерін, қорқынышты құбыжық түрлерін алмауға тырысу қажет, ол баланың көру сезіміне және психологиясына теріс әсер беруі ықтимал. Осындай сыртқы түріне қойылатын талаптар бойынша 26 ойыншықтың 9түрінен сәйкессіздіктер анықталды, яғни ойыншықта баланың жарақаттануына алып келетін кедір-бұдырлы, өткір жиекті, қисық тұстары анықталған.Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша тиісті сауда объектілерінің иелеріне  өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылар берілді.

 Тағы бір маңызды нәрсе естеріңізде болсын, Қазақстанның сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтарда өндіруші мемлекетіне қарамастан, жүргізілген зерттеулерге негізделген сәйкестік сертификаты, яғни олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы шарт.Сәйкестік сертификаттары бүкіл Кеден одағында жарамды болып табылады.

         Бірақ базарларда олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ешбір құжатсыз саудалайтын жағдайлар да жоқ емес.

         Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі аймақтағы сауда орындарындағы ойыншықтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Осы орайда ата-аналарға сапасыз ойыншықтар балалардың жарақаттанып, не  зақымдануына немесе олардың улы заттармен уланып, аллергияға ұшырауына әкеліп соғуы мүмкін екендігін тағы да естеріңізге саламыз.

Нарықта ойыншыққа деген сан түрлі ұсыныс болғанымен таңдау Сіздің қолыңызда!

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: