Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті заңды тұлғаларға қандай қызмет көрсетеді? Әрине, мекеменің атқаратын функционалдық міндеттері жетерлік.
Соның ішінде көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет түріне тоқталып өтуге болады.
Біріншіден, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру жатады. Одан соң егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру де – мекеме құзырындағы іс. Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру мен мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару мекеме көрсететін мемлекеттік төрт қызметтің қатарына кіреді.
Департамент жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары негізінде көрсетеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың барлық қызмет алушыларға қол жетімді болуына барлық мүмкіндік қарастырылған.
Департаментпен барлық мемлекеттік қызметтер тек электронды түрде көрсетіледі. Табиғи монополияларды реттеу саласындағы көрсетілген қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттарды қоса тіркей отырып өтініш жіберуі керек.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Бағия САРСЕНБАЕВА,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!