Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыстық тарихи-өлкетану музейі «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға департамент басшысы Аслан Кеңес, «Айтыстың ақтаңгері», үш дүркін «Алтын домбыра» жеңімпазы Мұхтар Ниязов, музей директоры Сапар Көзейбаев, департамент ардагері Бірлік Рахметов және сала мамандары мен тарихшылар қатысты.
Тағылымды іс-шара «Тәуелсіздік – халық мұраты» тақырыбындағы көрме экпозициясымен танысудан бастау алды. Жиналған қонақтар тарихи экспонаттармен танысып, өңірдің бай мәдени мұрасын көзімен көрді. Онан соң Сыр өңірінің тәуелсіздік жылдарындағы мәдени, экономикалық бағыттағы жетістіктері баяндалды. Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен өнер бетбұрысын, ел жетістіктері мен ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғады. Жиын барысында қатысушылар тәуелсіздіктің маңызы, ел егемендігінің басты құндылықтары жайында тұшымды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, тарихты тек оқумен шектелмей, одан сабақ ала білу керектігін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!