Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасыр аңсаған арманы. Тарихтың бүгінгі ұрпаққа берген тамаша тартуы, халқымыздың баға жетпес құндылығы. Қазақ елі көптеген толағай табыстарға тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізді. Мұны мұқым ел мойындайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ халқы талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды», – деген болатын.
Иә, халқымыз небір сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Қай дəуірде болмасын ұлттық кодын жоғалтқан емес. Еркіндік алып, еңсе тіктегелі бағдарымыз айқындала түсті.
Отыз жыл тарих үшін қас қағым сәт. Алайда осы уақыт ішінде Қазақстан қуатты мемлекетке айналып үлгерді. Шекарасын шегендеп, мемлекеттік рəміздерін айшықтады. Бəсекеге қабілетті төл теңгесін таралымға шығарып, экономикасы тұрақты əлеуетті әлемдік деңгейге көтерілді. Төл мəдениетінен алыстамай, рухани жаңғыруға негіз қалады. Тәуелсіз Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде тарихтың жаңа бетін ашты. Бұл сонау 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алған болатын. Тəуелсіздік жылдары жаңа жетістіктерге жол ашылды. Əлемдік картада Евразияның жүрегінен орын алған Қазақстан əлем халқына өзін тың тұсынан таныта алды. Теңдессіз Тəуелсіздігіміз мəңгілік болғай. Ендігі жерде бір мақсат, бір мүдде жолында арман-мақсатымызды айқындап аянбай еңбек ете беруіміз қажет.
Нарқыз ӘЛІБАЙ,
«Сыр дидары» бөбекжай балабақшасының қызметкері
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!