Бейсенбі, 28 қараша, 08:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Телеарнада жаңа басшы

16.10.2023

746 0

Аймақтың ғана емес, республиканың медиакеңістігінде өзіндік орны бар БАҚ-тың бірі – «QYZYLORDA» телеарнасы. Бүгінде үзіліссіз 14 сағат бойы жұмыс істейтін, қос тілде бірдей ақпарат тарататын медиақұрылым қай жағынан алса да өңірлік телеарналар ішінде алдыңғы қатарда екені көпке аян. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында әріптестері «QYZYLORDA» телеарнасының директоры, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Жағыппар Қарабаланы зейнетке шығарып салды.

Келелі жиында облыс басшысы Жағыппар Аманжолұлын құттықтап, Сыр елінің телевизия саласына қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдірді.

– Құрметті Жағыппар Аманжолұлы, сіз басшылық жасаған жылдар ішінде облыстық телеарна бәсекеге қабілетті, қаржылық жағ­дайы тұрақты, телевизиядағы соңғы тенденцияларды батыл меңгерген арналар санатына қосылды. 2005 жылы небәрі 8 сағат эфирге шыққан телеарна бүгінде тәулігіне 14,5 сағат үзіліссіз хабар таратады. Жағыппар Аманжолұлы, сіз білікті мамандар тәрбиелеп шығарған мықты ұстазсыз. Телеарна қа­бырғасынан түлеген Дана Рысмұхамедова, Ғалымжан Бәйімбет, Құрманәлі Қалмахан, Бағдат Әбдіқожаева, Нұрбек Әмиша, Рауан Мыңбаев секілді 50-ден астам журналист пен телеоператор шетелдерден жаңалық таратып, республиканың беделді БАҚ-тарында абыройлы қызмет етуде. Сіздің шәкірттеріңіз тек БАҚ саласында емес «Сыр жұлдыздары», «Таңшолпан» тележобалары арқылы бүгінде халықтың сүйікті әншісіне айналған жұлдыздардың өнердегі тұсауын да өзіңіз кестіңіз. Қазіргі қазақ эстрадасы­ның көрнекті өкілдері Гүлнұр Оразымбетова, Мәдина Сәдуақасова, Өмірқұл Айниязов, Бибігүл Жанұзақ, Алмас Кішкенбаев және өзге де өнер жұлдыздары – сіздің продюссерлік қызметіңіздің жемісі, – деді облыс әкімі

Сыр бойындағы руханият саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Жағыппар Аманжолұлына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Жиында Астанадан арнайы келген «Qazaqstan» республикалық телерадио­корпорациясы басқарма төрайымының орын­басары Азамат Кеңесұлы  Жағыппар Қарабаланы марапаттап, телеарнаның жаңа директорын таныстырды.

«Qyzylorda» телеарнасының басшылы­ғына «Болашақ» бағдарламасының түлегі, осыған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметін басқарған Нұрбек Әмиша тағайындалды.

Нұрбек Шынтемірұлы Сыр жұртшылы­ғы­на, әсіресе журналистеріне жақсы таныс.  Еңбек жолында «Халық», «Сыр бойы», «Айқын» газеттерінде тілші, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында сарап­шы, «Хабар» телеарнасында бас редактор, «Bilim Media Group» компаниясы және Ұлттық аударма бюросында әдеби редактор қызметтерін атқарды. «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшылығының басшысы, «Сан-Ай пресс» ЖШС-да бас директордың орынбасары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.

Іс-шара соңында ақын, журналист, «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпа­ниясының» құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, ардагер-журналист Айткүл Шалғынбаева Жағыппар Аманжолұлын құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, телеарнаның жаңа директорына сәттілік тіледі.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: