Павел Дуров мессенджерді видеоплатформаға айналдыруға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Telegram-да жарияланған жазбасында кәсіпкер қазіргі таңда видеолардың ұзақ жүктелетіні көпке ыңғайсыздық туғызатынын айтты.
Енді жаңартудан кейін Telegram серверлері видеоларды автоматты түрде қысып, түрлі сападағысын таңдауға мүмкіндік береді. Интернет жылдамдығына байланысты ең қолайлы видео сапасын автоматты түрде таңдайды.
Дуров Telegram-ның жаңартуында тағы да өзгешеліктер болатынын түсіндірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!